• 22 сентября, 2024 1:22 пп

Азаматтардың қаржыгерлік қатынастар құқықтық құндылығының туындауы. 

Автор:admin

Июл 19, 2024

Адамдардың қандай бір экономикалық қатынастары болмасын ол тек өзгелердің (субъектілердің) және өзіндік (объектілік) екі жақтық ұсыныстары мен сұраныстар қанағаттық құқықтығын қорғау туады. Сондықтан, қаржыгерлік қатынастарды қаржы – қаражаттың құқықтық категориясы деп тануымыз керек. Халықтың барлық өмір тіршіліктегі экономикалық қатынастарды жүргізу, тек қаржыгерлік құқықтық нормаларымен реттелінді. Бірақ осы құқықтық нормалар жеткілікті ме, деген сұрақ туады. Мысалы, қандай құқықтықтың түрлері болмасын, оның алғашқы туындаушы көзі экономика және адамдардың ақша есебіндегі ара қатынастарындағы алашақ және берешек нәтижесін жүргізілуден басталғандықтан, субъектілік орындаушылардың ұсыныстары қанағаттанушының сұраныстарын толық орындамай жатады. Сондықтан, халықтың азаматтық қаржыгерлік құқықтығының өзін екі жақты қарауымыз керек. Бірі қатынастарды орындаушылардың ұсыныстар жасау құқықтығы болса, екішісі әркімнің өздерінің қанағаттылық жасау сұраныстар құқықтығы. Заң жүзінде бекітілген бір құқықтың орындалуында екі беттігі, бірі құқықты орындау ұсынысы болса, екіншісі құқықтың орындалу қанағаттығындағы сұраныстары. Бірақ біз осы қанағаттанушылардың сұраныстар құқықтығын толық білмегендіктен, өз есебінен өзгелерге жіберуде. Әсіресе, субъектілік экономиканың халыққа тиесілі ұсыныстарына сұраныстарын жасау құқықтығы ғылыми тұрғыда зерттелмеген тың бағыт. Мысалы, азаматтардың қаржыгерлік құқықтық қорғалуы тек субъектілік экономикалардың ұсыныстар жасау жасау жағынан қаралып, оның объективті сұраныстар қанағатындағы қаржыгерлік құқықтығы жетілмеген түрлері: тауар және қызметтердің субъективті баға ұсыныстарына объективтік баға сұраныстар құқықтығы; еңбек күрделілігіне қарай еңбек ақы төлеу субъектілік ұсыныстарына объектиті еңбек ақы алу сұраныстар қанағаттылық құқықтығы және т.б.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin