• 1 ноября, 2024 4:31 дп

Алматы облысында 21 жеке инвестициялық жоба іске асырылды!

Автор:admin

Июл 22, 2023

Алматы облысының туризм саласында жеке инвестициялық жобалар бойынша 2022 жылдан бері инвесторларды тарту арқылы туризм саласының қызмет сапасын арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Жалпы сомасы 9,9 млрд. теңгеге 21 жеке инвестициялық жоба іске асырылды. Оның ішінде «Golden beach Kapshagai», «Makao Luxury Village» кешендерінің құрылысы, Шарын ұлттық парк аумағында жаңа Sharyn, Түрген шатқалында визит-орталықтарының ашылуы. «SAF RESORT»  санаториялық-курорттық сауықтыру кешенінің ашылуы және т.б. Жалпы өткен жылы туристік-сауықтыру қызметтері  6,6 млрд. теңгені құрады.

Көрсетілген қызметтер көлемі 1,4 есе өсіп, 6,6 млрд. теңгені құрады.

«Іле-Алатау», «Шарын», «Көлсай көлдері» Ұлттық парктеріне бір миллионға жуық туристер келді. Қазіргі таңда тау-шаңғышылары тәулігіне 7,5 мың адамды құраса, 2030 жылға қарай 50 мыңға дейін жеткізуге мүмкіндіктер бар.

Облыс логистикасын дамтыуға өте қолайлы теміржол желісінің бойында орналасқан тиімді жүк тасымалдау «Жетіген» ірі көлік-логистикалық орталығы ашылды.

Облыста Үлкен Алматы айналма жолының маңынан жүк қоймалау нысандары мен «Outlet»-тер орналастыру үшін инвесторлар тарапынан үлкен қызығушылықтар танытылуда.

Маркетингтік стратегияны жүзеге асыру мақсатында халықаралық туристік операторлар мен туристік нарықтың басқа да қатысушылары үшін ақпараттық турлар ұйымдастырлып тұрады (Fam Trip тұжырымдамасы бойынша).

Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні облыстың туристік әлеуетін арттыру және ішкі және кірмелі туризмді дамыту мақсатында Халықаралық «ALATAU HIKE» туристік форумы ұйымдастырылды.

Форумның шеңберінде 2 ақпарттық тур ұйымдастырылып, Ұлыбритания, Италия, Нидерландының БАҚ өкілдері мен БАӘ, Катар, Ресей мен Әзірбайжан елдерінің туроператорлары қатысты.

Сондай-ақ, іс-шаралық туризм аясында ағымдағы жылы бірқатар ірі іс-шара, оның ішінде халықаралық іс-шаралар өткізілді. Олар демеушілер есебінен: «Konayev international baloon fest», «Oceanman» фестивалдері, жуырда өткен «Tengri ultra» Ұлы дала марафоны, Халықаралық Іле-Балхаш регатасы және басқалар. Бұл шаралар өңірімізге 100 мыңнан астам демалушыны тарта отырып, оң имиджді қалыптастыруға бағытталған.

Өңірдің туристік әлеуетін танымал ету мақсатында нысаналы аудиториясы 450 миллион көрерменді құрайтын «BBC News» халықаралық телеарнасында аймақтың әдемі және бай табиғаты туралы ақпаратты қамтыған жарнамалық науқан іске қосылды.

Сонымен бірге «Мото-шеру», «SHAMAL», Джиперс-шалкөде, СВМДА шеңберінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту және т.б сияқты бірқатар іс-шараларды өткізілді.  

Автор: admin