• 28 апреля, 2025 9:41 пп

АРДАГЕРЛЕР ШАХМАТТАН ШЕБЕРЛІКТЕРІН БАЙҚАТТЫ

Автор:admin

Апр 28, 2025

 

Биыл Ұлы жеңіске 80 жыл толады. Бұл – уақыттың жай ғана межесі емес, бұл – ерлікке толы өткеннің, бейбіт болашақтың, халықтың жігері мен рухының символы.
Осыған байланысты жеңістің 80 жылдығына арналған еліміздің түкпір-түкпірінде кең ауқымды іс-шаралар өткізілуде. Әр бастамада қатарлары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше сезіледі. Республика көлемінде еске алулар, ардагерлермен кездесулер, жас ұрпаққа арналған патриоттық акциялар мен танымдық жобалар ұйымдастырылып, жалғасып жатыр.

Сондай іс-шараның бірін Абай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды. Олар «Ізетті зейнеткер» шипажайында ардагерлер арасында шахматтан жарыс өткізді.
Жарысқа ауданның қадірменді зейнеткерлері мен ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ардагерлердің қоғамдағы белсенділігін арттыру, денсаулықты нығайту, оларға мереке алдында құрмет көрсету болатын.

Зияткерлік додада ардагерлер өз шеберліктерін көрсетіп, қызықты партиялар өткізді. Ардагер-зинеткерлердің арасында апалар да нағыз тартысты ойын көрсетті. Жеңімпаздарға әкімдік тарапынан қомақты сыйлықтар табыс етілді. Ардагерлер де алғыстарын білдіріп, бір марқайысып қалды.
Аудан басшылары жылда ардагерлерді назардан тыс қалдырмай келеді. Себебі, рухани биіктіктің жарқын көрінісі — ардагерлерге көрсеткен ерлікке деген құрмет пен қамқорлық деп санайды.

Автор: admin