Тестіленушілер биометриялық сәйкестендіруден өтеді.
Оқу-ағарту министрлігі «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» бұйрыққа толықтырулар енгізуді жоспарлап отыр. Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасы 27 наурызға дейін қоғам талқылауында болады.
Жаңа бұйрыққа сәйкес педагогтерді электронды аттестациядан өткізудің техникалық талаптары төмендегідей:
- Тестіленушілер жеке басын ЖСН нөмірі арқылы сәйкестендіреді.
- Тестілеуге қосу кезінде қолмен немесе металл іздеуішпен тексереді. Байланыс құралдары, электрондық-есептеу техникасы, фото-, аудио- және бейне аппараттар, анықтамалық материалдар, ақпаратты сақтау мен беруге арналған өзге құралдар тестілеу уақытында арнайы шкафта сақталуы тиіс.
- Бұдан кейін Digital ID арқылы биометриялық сәйкестендіру болады.
- Тестілеу залдары жұмыс станциялары (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайларды ауа баптағыш жүйелері, диспенсер және күту залымен жабдықталуы тиіс.
- Әрбір жұмыс станциясы кандидаттың бейнежазбасын жүргізу, фотосуретін түсіру және фотосуретін электрондық сертификаттарға орналастыру үшін веб-камералармен жабдықталуы тиіс.
- Тестілеу залдары цифрлық бейне-аудио бақылаудың заманауи жүйесімен жабдықталуы тиіс.
- Әрбір тестілеу залында принтер орнатылуы тиіс.
- Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатор және локальдық желімен жабдықталып, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
- Тестілеу залы ұялы байланысты басу құралымен, сондай-ақ тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін техникалық жазба құралдарымен (диктофон, фотоаппарат және т.б.) жабдықталады.
- Тестілеу жүргізу кезінде аудиториядағы магниттік толқындар мен радиоэлектрондық байланысты өшіретін құрылғылар пайдаланылады.
- Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін өткізу пункттерінде аудиториялар жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
- Әрбір отыратын орын кандидаттың фотосуретін түсіру және тестілеу процесіне бейнежазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.
- Тестілеу бөлмедегі әрбір отыратын орын екі жеке камерамен жарақтандырылуы тиіс. Бірінші камера Ахуалдық орталықта тестілеу процесін жазады және таратады, сонымен қатар прокторинг жүйесі үшін қолданылады. Екінші камера тестілеу алдында, тестілеу кезінде, сондай-ақ тестілеу аяқталғаннан кейін адамның биометриясын қолдана отырып сәйкестендіруді қамтамасыз етуге арналған.