• 25 ноября, 2024 3:13 пп

Ауылшаруашылығын субсидиялауда ақпараттық жүйе қызметіндегі кедергілер жойылды

Автор:admin

Апр 11, 2024

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ауыл шаруашылығы саласында жүргізген сыртқы талдау шеңберінде кәсіпкерлердің өнімді терең өңдеу кезінде субсидиялауға өтінім беру процесінде орын алған кемшіліктер жойылды.
Атап айтқанда, кәсіпкерлер өтінім беру кезінде тек бір шот-фактураны тіркеуге мүмкіндігі болған, бұл өтінімдер санының өсуіне және қызмет алушылардың уақытына ықпал етті.
Сонымен қатар, бұл жағдай шот-фактуралардың қайталануына және негізсіз субсидия алуға мүмкіндік беріп келген.
Берілген ұсынымдар нәтижесімен бір өтінім беру шеңберінде бірнеше шот-фактураларды тіркеу мүмкіндігі берілді және ақпараттық жүйелерде шот-фактуралардың қайталану тәуекелдері алынып тасталды.
𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 — 𝟭𝟰𝟮𝟰

Автор: admin