• 27 декабря, 2024 3:50 дп

БАСТЫ МАҚСАТ — ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

Автор:admin

Ноя 25, 2021

БАСТЫ МАҚСАТ — ПАРАСАТТЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДӘРІПТЕУ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында қолға алынған «200 кездесу» жобасы жалғасуда.
Қазан айында бастау алған жоба аясында Департамент қызметкерлері мен ақпараттық-ағартушылық штабы өкілдерінің қатысуымен түрлі сала өкілдерімен 120-дан астам кездесулер ұйымдастырылып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралардан, Агенттікпен алдын алу мақсатында қолға алынған жобалардан, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдаулардың маңыздылығынан хабардар етті.
Жиында еңбек ұжымдарында парасаттылық қағидаттарын – адалдық, әділдік, әдептілік құндылықтарын енгізуге баса назар аударылды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттарды хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты бойынша мәлімет берілді. Жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара немесе залал сомасының 10 пайызын ала алады, бірақ бұл көрсеткіш төрт мың айлық есеп көрсеткішінен аспайды.
Көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылады.
Кездесулер барысында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, 1424 Call-орталығы көрсетілген арнайы афишалар таратылды.

JSK ақпарат

Автор: admin