• 11 ноября, 2024 1:18 пп

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтері бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы негізгі көрсеткіштері: барлық өлшемдер бойынша оң өзгеріс байқалды

Автор:admin

Июл 19, 2024

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері 19,2 трлн теңгеден асып, жыл басынан бері 5 ай ішінде 1,4 трлн теңгеге (немесе 7,7%) өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 трлн теңгеден асты (немесе 21,5%).

Жалпы зейнетақы қоржынында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақ 96% асады. Оның көлемі бір жылда 21% ұлғайып, 2024 жылғы 1 маусымға шамамен 18,6 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары  601,7 млрд теңгеден асты (бір жылдағы өсім – 21,5%). 2023 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 45,6% ұлғайған ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттарда шамамен 6,2 млрд теңгежинақталды.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 5 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 77,5 млрд теңгеден асты.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы қаңтар-мамырда салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 1 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,2% немесе 244 млрд теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.06.2024 жылға дейін 954,7 млрд теңгеден астам (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8% артық), МЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға шамамен 47,3 млрд теңге (өсім 20,6%), ЕЗЖ — 1,2 млрд теңге (өсім 34,1%) түсті.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.06.2024 ж. шамамен 631,4 млрд теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда шамамен 138 млрд теңгеге (немесе 28%) артық.

Төлемдер мен аударымдар

2024 жылдың 5 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 367,3 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғы сәйкес кезеңдегі төлемдер көлемінен 195,4 млрд теңгеге (немесе 113,6%) жоғары.

151,5 млрд теңге — тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ).

Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 81,6 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 36% жоғары.

Сондай-ақ, осы кезең ішінде мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,7 млрд теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 14,3 млрд теңгеден астам, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 1,3 млрд теңгеден астам, жерлеуге төлемдер – шамамен 4,2 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 90,7 млрд теңгеден астам сома аударылды.

Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан берілетін орташа айлық төлем — 33 921 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы — 945 752 теңге болды.

ЖЗШ саны

2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны 16,1 млн. бірліктен асты. Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2024 жылдың 1 маусымына 12,3 млн бірлікке тең. Оның ішінде: 11 млн — МЗЖ бойынша, 681,4 мың — МКЗЖ бойынша, 416,7 мыңы — ЕЗЖ есептелетін шоттар.

Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны шамамен 3,8 млн бірлік.

Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соныңішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kzсайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

Автор: admin