• 29 ноября, 2024 6:34 пп

«Бизнеске жол» жобасымен Ордабасылық кәсіпкерлер жеке қабылдауда болды

Автор:admin

Мар 14, 2024

 

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қары қызметтің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев Ордабасы ауданында «Бизнеске жол» жобасы шеңберінде кәсіпкерлерді және жеке, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдады.

Жеке қабылдауға келген тұрғындар «Ауыл аманаты» бағдарламасына мал шаруашылығын дамытуды қосу, ауданнан әлеуметтік дүкен ашу, ауыл шаруашылығы саласында берілетін несиелердің пайызы төмендету, ағын суға төленетін субсидия көлемін бірдейлендіру, су тапшылығын шешу бойынша «Боралдай су қоймасын» салу және ағын суға арнайы су өлшеуіш құралдарын қоюға қатысты сұрақтарымен жүгінді.

Тұрғындарды қабылдау барысында азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша құқықтық кеңестер берілді және Аудан әкіміне тұрғындар мәселесінің Заң аясында шешілуіне тиісті жұмыстар жүргізуді ұсынды.

Автор: admin