Түркістан облысында бюджетті құру және қабылдау шарттары ең алдымен құзырлы органдармен мәслихаттың қарауында қабылданады. Бюджетті құру және қабылдау кезінде бағдарламалық приоритеттер есептелмеген жағдайда, елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу өте қиын. Мысалы, осы жылдың бірінші кварталында мемлекеттік бюджеттен әр түрлі бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін 264,9 млрд.теңге шығындалған. Бүл көрсеткіш жылдың алғашқы үш айында әубастан жоспарланған шығынның сомасынан 80% аз шаманы құрайды. Айта кететін жайт, бұл жерде тек қана қажетті, бірақ жоспарланбаған нәрселерге бюджеттік қаражаттың шашылуы туралы айтылып тұрған жоқ, сонымен қатар облыстық өкілдердің республикалық бюджеттік комиссия алдында айқай-шумен қорғаған бағдарламаларының қаржыландырылусыз қалды деген сөз.Қаржы Министрлігігің есебі бойынша мүндай «қаржылық диетаданң зардап көргендер отынды-энергетикалық комплекс және жер койнауын қолдану (мүнда бірінші кварталда жоспарланған істің тек жартысы ғана қаржыланд ырылған), ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау (60%-дан аз), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік (70%-дан аз). Көптеген аймақтарда бірінші кварталда өздерінің «аймактық» қаражаттарын дұрыс қолдана алмаған. Бұл жерде көзге түскендер, олар Батыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстары, сонымен қатар Астана және Алматы қалалары. Бүнымен қатар басқа барлық аймақтарда қазна табысы бюджетті қүрған кезде жоспарланғаннан көп болып шыкты. Нәтижесінде, алғашқы үш ай қортындысы бойынша барлық аймақтарды қоса алғандағы фактілі табыстары шығындарынан асып түсіп, 22 млрд.теңгені құрады. Бұл жоспарланбаған миллиардтар ең бастысы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің көп штаттарына және оның аймақтық бөлімшелеріне қарамастан, біздің елімізде сапалы бюджеттік жоспарлаудың жоқ екенін дәлелдейді. Жалпы елде 1999 жылдан бастап жоспарлаудың жаңа жұмыстары жүргізіле басталған. Жаңа эдістер мен процедуралар бюджеттік қаражатты тиімді және нәтижелі босатуға көңіл аударумен бюджеттік жоспарлау процесіне енгізілді. Бүл, ең бастысы, койылған мемлекеттік мақсатқа жету үшін қажетті осы мақсаттардың табыс көлемімен есебін, жоспарланатын жүйе үшін басты мақсаттарды шешуге бағытталуын, ресурстардың бір қалыпты концентрациясын, салық төлеуші қаражаттарының мүмкіншіліктерін және басқа да мемлекеттік табысты жалпы мемлекеттік бағдарламамен өлшемдеуді талап етеді. Бюджеттік жоспарлаудың жақсаруына республикада бюджеттік бағдарламалау эдісінің енгізілуі ықпал етті. Бүл эдіс бағдарлама экімшіліктері арасында ресурстарды бөлу, мемлекеттік приоритеттерді басқару мен қүру үшін негіз болып табылады. Сонымен қатар бюджеттік бағдарламалаудың артықшылығы құрылатын бюджеттің негіздемелі болуын қамтамасыз ету, бағдарлама жасалуының нәтижесіне көңіл бөлу: транспарантты ақпаратты қоғамға көрсете алу мүмкіндігін ашу және есепберудің жоғары болуы болып табылады.
Jsk ақпараттық агенттігі