Түркістан облысында бюджетті қарау, бекiту, атқару, нақтылау, түзету жөнiндегi, бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджет есебi мен есептеменi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау, сонымен бiрге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөнiндегi бюджет заңнамасымен регламенттелiнген қызмет түрі салалық органдармен қадағаланып отырады. Бюджеттiк процестiң барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерiн ғана емес, сонымен бiрге саяси өмiрiнiң тiкелей бейнеленуi болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттiк процесс Бюджет кодексiне, “Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы”, жыл сайынғы “Республикалық бюджет туралы” заңға және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Бұл заңдар әр түрлi деңгейдiң бюджеттерiн қалыптастыру процесiнде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару және бақылау тәртiбiн белгiлейдi. Бюджеттiң жобасын уақытылы және сапалы әзiрлеу мен бюджеттi нақтылау және атқару жөнiнде ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президентi Бюджеттiк комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекiтедi, оның құрамын анықтайды. Бюджеттiк жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсiмдерiнiң көлемiн және басымдықты ескере отырып мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық даму мiндеттерiне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу процесi болып табылады.Бюджет бiр қаржы жылына жоспарланады. Кезектi қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасымен бiр мезгiлде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттiң болжамы жасалады. Республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды, жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу тәртiбiн Үкiмет айқындайды. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары, Үкiметтiң алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты, мемлекеттiк, салалық бағдарламалар, Президенттiң Қазақстан халқына елдегi ахуал және республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттiң атқарылу нәтижелерi, республикалық бюджеттiң бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу үшiн негiз болып табылады.
Jsk ақпараттық агенттігі