• 19 сентября, 2024 4:37 пп

Бюджет қаражаты: Жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған

Автор:admin

Июн 1, 2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы министрі Мәди Такиевті қабылдады, деп хабарлады Ақорда. Президентке мемлекеттік қаржының негізгі параметрлері, оның ішінде биылғы 2 тоқсанда жұмсалған республикалық бюджет қаражаты туралы есеп берілді. Түркістан облысы бойынша да бюджет қаражатының тиімді жұмсалғаны баяяндалды. Осы ретте 3 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 4,5 триллион теңгеге жуық кіріс кірген. «Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнімсіз бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді. Мәди Такиевтің айтуынша, жүргізілген сараптама нәтижесінде биыл 300 миллиард теңгеден астам соманы қысқарту ұсынылған. Бұл қаражат экономикалық қайтарымы барынша жоғары шараларға жұмсалады», — делінген хабарламада. Мемлекет басшысына бюджетті басқару тиімділігін арттыру бағытында қабылданып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Аталған шаралар жаңа Бюджет кодексіне енгізілген. Бұдан бөлек президентке салықтық-кедендік әкімшілендіру ісіндегі жаңа бастамалар таныстырылды. Министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексінің жобасында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізілген, тексерулер санын қысқарту жөніндегі нормалар қарастырылған, камералық бақылау және салық берешегін өндіріп алу тәсілдері өзгертілген. Мәди Такиев мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау жоспары жөнінде айтты. Оның мәліметінше, «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасында сатып алу рәсімдерін жеңілдету және бюрократиядан арылту, құрылыс нарығында монополияға жол бермеу, барлық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымның сатып алуларын бірыңғай платформаға көшіру көзделген.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin