• 20 сентября, 2024 3:49 дп

Венчурлық компанияның қалыптасуы және дамуының алты кезеңі

Автор:admin

Июн 5, 2024

Түркістан облысында венчурлық компаниялар жылдан-жылға көбейіп, аталмыш өндіріс орындары осы әдіспен қалыптасып келеді.  Бірінші кезең – Стартқа дейінгі кезең. Бұл кезең бірнеше айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін және бұл кезең екі сатыдан тұрады: 1) Идеяның пайда болу сатысы, егер ол сәтті болса, бұл сатыда жаңа өнім немесе қызмет жасауға мүмкіндік беруі мүмкін. 2) «Seed» компаниясының пайда болуы, ағылшын тілінен аударғанда пайда болу, туу деген мағынаны білдіреді. Бұл кезеңде венчурлық компанияны Seed – «өсіруге арналған компания» деп атайды. Бұл саты пайда болған ғылыми және технологиялық идея немесе жоба, бизнес-идея қаржылық қолдауға байланысты қосымша зерттеулер немесе кейін нарыққа шығаруға болатын тауар үлгісін жасауға шарт жасайды. Мұнда негізгі тұлғалар болып өздерінің ойларын жаңа технология немесе жаңа өнім жасауға қолдануға ойларын жаңа технология немесе жаңа өнім жасауға тырысатын ғалымдар, өнертапқыш немесе техниктер табылады. Екінші кезең – Старт кезеңі. Бұл кезең әдетте 1 – 2 жылға созылады және сатылардан тұрады: 1) Компанияның дамуының бастапқы сатысы, яғни оның старты.»Start up» — ағылшыннан аударғанда енді пайда болған компания деген мағынаны білдіреді. Бұл кезеңде венчурлық компанияның аты — Start up – «енді пайда болған компания» деп аталады. Компания инновациялық үдерісті жүзеге асыра бастайды. Компаниялар ұйымдастырылу кезеңінде болуы мүмкін немесе ұзақ нарықтық тарихы жоқ компания ретінде қызмет етеді. Бұл компаниялар менеджмент командасына ие, нақты бизнес жоспарлары бар және операциялық қызметті жүзеге асыруға дайын. 2) жаңа өнімді өндіруді ұйымдастыру сатысы. Бұл сатыда нарықта жаңа өнімнің сатылуына қажетті қосымша ғылыми – зерттеулік, конструкторлық және технологиялық өндірістер, сонымен қатар маркетингтік зерттеулер жасалады. Үшінші кезең – Ерте өсу кезеңі. Бұл кезеңге дейін жеткен венчурлық компанияларды «Early Stag» — яғни, «ерте даму сатысы» деп атайды. Компаниялар дайын өнімді шығарады және оны коммерциялық жүзеге асырудың, өткізудің ең бастапқы сатысында болады. мұндай компаниялар табысты болмауы мүмкін және ғылыми зерттеу жұмыстарының аяқталуына қосымша қаржыны қажет етуі мүмкін. Бұл кезең жаңа өнімнің техникалық және алдын ала маркетингтік зерттеулерден сәтті өткені және бұл өнімді коммерциялық масштабта өндіруге жағдай жасағанда ғана жүзеге асады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin