• 29 декабря, 2024 12:01 пп

ВЕНЧУРЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСАДЫ?

Автор:admin

Июн 7, 2024

Түркістан облысында венчурлік мәдениетті қалыптастыру бағытында біршама жобалар жүзеге асқан болатын. Яғни мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті банк арқылы кепілсіз үстеме ақысыз бизнес жобаларын қорғауға, жасауға идеяларын жүзеге асыруға венчурлік мәдениетті меңгеруге әкімдік тарапынан барлық жағдай жасалған.  Мысалы  кәсіпкерлікті қаржыландырудың, қаржы салудың бірнеше жолдары бар. Әлем елдерінде қарқынды дамыған түрі – венчурлық қаржыландыру. Ол – қайта ашылатын шағын жоғарытехнологиялық перспективасы бар компанияларға ғылыми өнімдерді жасауға, өндіру, дамыту, пайда табу мақсатында салынатын тәуекелі жоғары ұзақ мерзімді жеке қаржы инвестициясы. Венчурлық қаржыландыру стартап-жобаларды әлеуметтік, қаржылай қолдауға мүмкіндік береді. Венчурлық индустрияда әлем елдері бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр. Дүниежүзі елдерінде венчурлық бизнес екі нұсқада жүзеге асып отыр. АҚШ пен Ұлыбританияда тәуекелшіл бизнеске ыңғайланған компания түрінде дамыған болса, Ероупаның біраз мемлекеттері мен Жапонияда венчурлық капитал мемлекет қолдауы арқылы және ішкі венчур түрінде дамиды. Бұл осы елдердегі кәсіпкерлік дәстүрлі және тәуекел мәселелері қатынасымен тығыз байланысты. Бүгінде тұрмыста қолданып жүрген көптеген заттар венчурлық қаржыландырудың арқасында өндіріске еніп, адамзаттың игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда вакуумды шамдар, шарикті қаламсап, реактивті қозғалтқыш, түрлі-түсті фотоқағаз секілді көптеген жаңалықтар венчурлық фирмалардың тәуекелді қаржыландыруынан дамыды. ХХ ғасырдағы жаңа өндірістің 60% жуығы венчурлық қаржыландыруға тәуелді. Венчурлық фирмалар – жаңа өндірісті іске қосушы. Оларды құру үшін ең басты 4 қағиданы ұстанған жөн: коммерциялық ой, қоғамдық сұраныс, венчурлық фирма құруға дайын тұлға және тәуекел капиталы. Осы 4 негізге сүйене отырып ашылған фирма ғылыми-техникалық дамуды жеделдетіп, мемлекеттің өндірістік саласын қалыптастыруға үлес қосады. Дамыған шетелдік мемлекеттерде кең тараған венчурлық қаржыландыру біздің елімізге де енді. Мемлекеттің бастамасымен 2004 жылы алғашқы венчурлық қорлар пайда болды. Венчурлық қорларды дамытудың маңыздылығы Қазақстан Республикасының арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен Ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру және дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында да жазылған. Тәуекел капиталының қорын құруға мемлекет атынан Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) өзек болған.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin