• 20 сентября, 2024 4:03 дп

Венчурлық қаржыландыру – тәуекел инвестиялар

Автор:admin

Июн 5, 2024

Түркістан облысында қаржыландырудың тиімді тетігінің бірі – венчурлық әдіспен инвестиция тарту болып табылады. Бұл әдіс өңірімізде қаржы нарығын біркелкі экономикамен сәйкестендіріп ұстауға өз септігін тигізетіндігі сөзсіз.  Венчурлық қаржыландыру– бұл жаңа құрылушы шағын жоғары технологиялы компаниялар немесе өздерін таныстырып, ұсынып қойған венчурлық компаниялардың акционерлік капиталындағы жеке капиталдың ұзақ мерзімді (5-7 жыл) тәуекел инвестициялары. Мұндай кәсіпорындар ғылымды көп қажет ететін өнімдерді өңдеу мен өндіруге, енгізілген құралдар құнының өсіміне сай алынатын пайда мақсатын дамыту мен кеңейту үшін бағытталған. Тәуекелі жоғары венчурлық жобаларды қаржыландыру үшін инновациялық және венчурлық қорлар инновациялық жобаларды көп критерийлі жүйе арқылы қатаң талдау жасайды. Бұл өте маңызды кез, себебі қаржылық табыс инновациялық жобаның дұрыс таңдалуына байланысты. Тәжірибеде жобаны таңдау үдерісі мынадай төрт кезеңнен тұрады. 1 кезең. Венчурлық қаржыландыруды талап ететін инновациялық фирманы іздеу және таңдау. Венчурлық инвестордың қаржылық тәуекелі салынған капиталдың қайтымы орта деңгейден жоғары болуы анықталады. Салынған капитал қайтымдылығы (Internal Rate of Return-IRR) – сыйақыны өлшеудің жалпы көрсеткіші инвесторге де инновациялық идея авторы үшінде негізгі көрсеткіш. Осы көрсеткіш Еуропалық және британдық венчурлық капитал ассоциацияларында инновациялық жобаның табысын бағалаудың стандарты болып табылады. 2 Кезең. Инновациялық компания не инновациялық жоба венчурлық капиталистің алдына түскен соң, ұзақ және оңай емес, тиянақты тексеру және талдау үдерісі басталады. Бұл кезең венчурлық қаржыландырудағы жобаны ең ұзақ, кейде бір жарым жылға созылатын кезең және ол қабылдау не қабылдамау туралы шешім шығарумен аяқталады. Инновациялық жобаның барлық аспектілері бойынша компания мен бизнестің инновациялық жағдайы талқылауға түседі. Осындай зерттеу шешімі оң болса, инвестициялық ұсыныс не меморандум қабылданады. Онда инвестициялық комитет үшін қорытындылар мен ұсыныстар жасалғаннан кейін ол өзінің соңғы шешімін шығарады. 3 Кезең. Жобаны компанияны қаржыландыру туралы шешім қабылданған соң, қаржыландыратын компанияның шотына ақша қаражаттарын аудару кезеңі басталады. Ол қажетті – құқықтық қағаздардың құрылуы мен толтырылуымен байланысты. 4 Кезең. Дайындалу кезеңі біткен соң инноватор кесіпкер өз компаниясына қаражатты алады, онан соң жаңа кезең hands on management, яғни басқару не hands on support яғни қолды пульстте ұстау кезеңі басталады. Инвестор берген қаражаттын компания қалай жұмсап жатқанына бей-жай қарамайды. Венчурлық қордың өкілі қаржылық менеджер атқарушы директор болып басшылар кеңесі құрамына кіреді. Айына бір рет басшылар кеңесіне басқарушылардың есеп қисаптары тапсырылады. Негізінде, бұл – компанияның ақша қаражаттарының жұмсалуы жайлы айлық есебі. Бірақ компанияның нақты венчурлық инвесторы болмаса, шағын жоғары технологиялық компания инвесторды өзі іздеуі қажет және өз қызметін тәжірибе жүзінде бекітілген ережелерге сәйкес кезең бойынша дамытып отыруы қажет.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin