• 20 сентября, 2024 3:49 дп

Венчурлік қаржыландырудың тұрақты өсу немесе кеңею кезеңі.

Автор:admin

Июн 5, 2024

Түркістан облысында қаржылық нарықты реттеу бойынша венсурлік қаржыландыру жүйесі тұрақты даму үстінде. Оған себеп өңірдің әлеуметтік-экономикалыө өсімі жылдан-жылға жылжып үлкен көрсеткіштер беріп отыр. Осы орайда облысымызда  қаржылық кезеңдермен сәтті өткен венчурлық компаниялар үшін тұрақты өсу кезеңі басталады. Енді түсіндірме жұмысына тоқталсақ, венчурлік компаниялар жылдық сату көлемі өскен кезде өндіріс қуаттылығының кеңеюіне қажеттілік туады, жұмысқа қосымша персоналды тарту, жаңа өнім жасау, сонымен қатар маркетингке және сату көлемін ұлғайту үшін көптеген айналым құралдарына қажеттілік туындайды. Бұл компанияларды Expansion – «кеңес» деп атайды. Даму және кеңею кезеңі 2 жылдан 4 жылға созылады. Бұл кезеңде тәуекел онша жоғары болмағандықтан, ал пайда өсіп, өтімді активтердің бар болуына байланысты компанияның бағасы және оның акциялары біртіндеп өседі. Инвесторға өзінің салған капиталын қайтарып алу ғана емес сонымен қатар үстінен қосымша пайда алуға мүмкіндік туады. Компания осы уақытта сату көлемін ұлғайтып пайда табады. Түскен пайда маркетингтік зерттеулер, айналым капиталын ұлғайту, өндіріс базасын дамыту немесе жаңа инновациялық үрдіске пайдалануы мүмкін. Сондықтан соңғысына – инвестициядан біртіндеп шығу фазасы, яғни өтімділікті қамтамасыз ету кезеңіне өту басталады. Бұл фазада сәйкес келетін мәселелер алдыңғыларға қарағанда өзгеше келеді: компанияға корпоративтік стратегиясын ойлау керек; ұзақ мерзімді перспективті жоспарлауға өту; қызметкерлерді материалдық және моральді қамтамасыз етуге және оның жаңа өндірістік қызмет ету схемаларымен байланысты салық және басқа да құқықтық аспектілермен мәселелермен туындайды. Кәсіпкер өзін компанияның беделді тұлғасы ретінде сезінбейді және ол жаңа компания құру үшін осы компаниядағы үлесін сатып, кеткісі келеді. Сондықтан компанияны инвестор мен инноваторға жоспарланған табыстың белгілі бір бөлігін алу үшін биржалық қорға дайындау жұмыстары алдына қойылады. Бесінші кезең – компанияның өтімділігін қамтамасыз ету кезеңі.Бұл кезең инвесторлардың өздерінің құнды қағаздарын кәсіпкермен келісімге келу уақытынан бері өз қаражатын табысқа айналдыру үшін сатумен байланысты. Әдетте бұл келісімге қол қойылған күннен бастап және компанияға венчурлы капитал инвестициясының бірінші бөлігі түскеннен соң 5 – 7 жылдан кейін болады. Компания акциясын сатып алудың бірнеше нұсқалары бар, олардың әрқайсысы тез немесе кейін пайда алуға бағытталған: Компания акциясының бақылау пакетін сол компания менеджерлерінің сатып алуы. Венчурлық бизнесте бұл үдеріс «management buy – out», яғни «басқарушылардың сатып алуы» деп аталады. Бұл дегеніміз – акциялар пакетін тауар ассортименті, кәсіпорынның бөлігін немесе барлығын басқару қызметін жүзеге асыратын, қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан компания менеджменті өз қарамағына алады. Сонымен қатар менеджмент инвестордан акцияларды компания жарғысында көрсетілген жарғыға сәйкес сатып алады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin