• 20 сентября, 2024 7:34 дп

Венчурлік қаржылыдандырудың басты шарттары

Автор:admin

Июн 6, 2024
xr:d:DAFg-YRO91Q:237,j:4812682696,t:23051614

Түркістан облысында қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі осы венчурлік әдіс. Оның басты шарты мемлекет пен жекелеген кәсіпкерлер арасында қаржы нарығының тұрақтылығын ұстап тұру. Венчурлік басқарушы – венчурлік қордың қатысушылары жасасатын Шартқа сәйкес іс-қимыл жасау арқылы венчурлік Қорға қатысушылардың мүддесінде венчурлік қордың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға, венчурлік қордың қатысушысы. Венчурлік басқарушы құқылы: — қор активтерін басқару жөніндегі қызметке байланысты венчурлік қордың өкілі ретінде, сондай-ақ сотта венчурлік қордың атынан өкілдік етуге (арбитраж); — бірнеше венчурлік қорлардың активтерін басқаруға. Алайда, венчурлік басқарушы, егер венчурлік қор шарттарының ең болмағанда біреуінде қатысуға тыйым салынған болса, бір мезгілде екі немесе одан да көп венчурлік қор шарттарына қатысуға құқығы жоқ. Венчурлік басқарушы көрсетілген шектеуді бұза отырып жасаған венчурлік қор шарты осы шарттың кез келген басқа тарапының талап етуі бойынша венчурлік басқарушыға мұндай шарттың барлық тараптарына осыған байланысты өзі келтірген шығындарды өтеу міндетін жүктей отырып, сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін. Венчурлік қордың шарты осы Шартқа тұтастай қатысуға ниет білдірген тұлғаны қосу жолымен жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда венчурлік басқарушы мен осындай тұлға арасында венчурлік қорға жаңа қатысушының салымды ортақ іске енгізу шарттарын, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын бірігу туралы келісім жасалады. Бұл ретте венчурлік қордың шартына өзгерістер енгізу талап етілмейді. Яғни, венчурлік қор шартының тараптарын венчурлік қор шарты бойынша құқықтар мен міндеттерді басқа тұлғаға беруге байланысты, оның ішінде құқықтық мирасқорлық нәтижесінде ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда жаңа тұлғаның венчурлік қорының шартына қосылуы қолданыстағы венчурлік қордың шартын тоқтатуға және барлық инвесторлар арасында венчурлік қордың жаңа шартын жасасуға әкеп соқпайды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin