• 30 декабря, 2024 10:35 пп

Венчурлік қорлар инновациялық инфрақұрылымның бір бөлігі

Автор:admin

Июн 7, 2024

Бүгін оқырмандарымызға қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған тағы бір мақаламызды ұсынатын боламыз. Мақалада инновациялық біліміңізді дамытуға бағытталған венчурлік қорларды қаржыландыруға бағытталған жұмыстарды зерттеу бойынша венсурлік әдістерге кеңінен тоқталатын боламыз. Сонымен қатар Түркістан облысында венчурлік әдіспен қорлардың иновациялық жобалары мемлекет тарапынан қолдау тауып отырғанын айтуымызға болады.  Венчурлік қорларды қоса қаржыландыруды ұлттық даму институттары және тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдарымен келісім бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітетін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйенің өзге де субъектілері жүзеге асырады. Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын даму институттары осындай қорларды бірлесіп қаржыландыра алады. Қазақстандағы венчурлық қаржыландырудың ағымдағы жай – күйі оның қалыптасудың бастапқы кезеңінде екенін мойындауға тура келеді. Венчурлік қаржыландырудың дамуын тежейтін факторлардың бірі – батыс елдеріне қарағанда қор нарығының терең емес сыйымдылығы, және венчурлық қорлардың өсу серпіні қор нарығының дамуымен байланыстылығында. Көбінесе белгілі бір жоба шеңберінде венчурлік инвестициялар жобаның неғұрлым жетілген кезеңдерінде IPO арқылы іске асырылады. Капитал салымдарын шығару рәсімінің қарапайымдылығы – венчурлік қорлар/инвесторлар тарапынан қызығушылықты айқындайтын маңызды артықшылық. Сонымен, венчурлік қаржыландырудың құқықтық базасын құру және оны жетілдіру арқылы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін дамыту көзделген. Жалпы, еліміздегі жеке венчурлік капитал нарығын ынталандыру – отандық және шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тарта отырып венчурлік капиталдың табысты нарығын құру болып табылады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin