• 10 сентября, 2025 7:58 пп

ДЕПУТАТТАР ӨҢІРДЕГІ ТУРИСТІК НЫСАНДАРМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Сен 10, 2025

Түркістан облыстық мәслихатыныңтөрағасы Нұралы Әбішов бастаған уақытшадепутаттық комиссия мүшелері, яғни облыстықмәслихат депутаттары Алмас Салимов, Қалыйма Жантөреева, Бегімбет Байғараев, Ғалымжан Елшібай, Бекарыс Шойбеков ТалғатСадуов облыстағы туризм нысандарының жай-күйімен танысты.

Алғашқы нысан «Қаратау» қорығындағы«Хантағы» туристік-рекреациялық аймағы. Ерекше табиғатымен эко-туризмді дамытуғақолайлы мекенде «Визит» орталығын салу жоспарлануда. Жоба келер жылы басталады, құны — 150 млн теңгені құрайды. Визит орталықPROGREEN жобасы шеңберінде іскеасырылатын болады.

Аралау барысында орталықты салуғаарнайы жер бөлу мәселесі айтылды. Халыққалаулылары бұл бағытта тиісті шараларатқарылып, мәселенің оңынан шешілуінеықпал жасайтындарын жеткізді.

Сондай-ақ, депутаттар «Хантағы» туристік-рекреациялық аймағын насихаттау, келушілерүшін сапалы қызмет көрсету, ұлттықнақыштағы және заманауи бағыттағы демалысорындарын арттыру және тазалыққа ерекшекөңіл бөлу керектігін айтты.

Уақытша депутаттық комиссия Түркістанқаласындағы туристік-рекреациялық аймақтыңда жай-күйін көрді. Жоба Түркістан облысының2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалықдамуының кешенді жоспары аясында жүзегеасырылуда.

«Түркістан» туристік-рекреациялықорталығының инженерлік инфрақұрылымынсалу жобасы жасанды көл мен жағажай аумағыбар көпфункциялы туристік аймақты құрудықамтиды. Жоба аясында екі кезеңқарастырылған: І кезеңсаябақ салу, аумақтыфункционалды аймақтарға бөлу, белсендідемалыс аймағы, балалар ойын алаңы, спорт инфрақұрылымы болса, ІІ кезең – «Шаға» көлінің және оған іргелес туристік аумақтыңинженерлік инфрақұрылымын салу. Жобаныңжалпы сметалық құны 9,3 млрд теңгені құрайды, оның ішінде  9,1 млрд теңгекелісімшарттар аясында қарастырылған.  

Қазіргі уақытта «Gold Fish City Turkistan» ЖШС жеке серіктесімен жағажай аймағындамыту, туристік қызмет көрсету, қонақүй жәнемейрамхана инфрақұрылымын салу мәселелері бойынша белсенді келіссөздержүргізілуде. Инвестор тарапынан салынатынболжамды инвестиция көлемі – 5 млн АҚШ долларын құрайды.

«Шаға» жасанды көлінің сумен қамтылужағдайы мен жұмыс істеуі тұрақты деңгейде. Көл жыл сайын көктемгі және күзгі кезеңдердеКенсай-Коскорган-2 су қоймасынан Түркістанмагистралдық каналы арқылы келетін су есебінен толтырылады.

Кенсай-Коскорган-2 су қоймасы Түркістанқаласындағы ескек есу каналының да су көзіболып табылады. Осылайша, «Шаға» көлі мен ескек есу арнасы бір сенімді су көзіненқоректенеді, бұл нысандардың су тапшылығымәселесін болдырмайды.

Жобаның мақсатыішкі туризмді дамыту, Түркістан облысының инвестициялықтартымдылығын арттыру, өңір тұрғындары мен қонақтарына демалыс жағдайларын жақсарту, сондай-ақ су тасқыны суларынан қорғанудықамтамасыз ету.

Айта кетейік, облыстық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкесалдағы кезекті сессияда облыстық туризм басқармасы басшысының есебі тыңдалады.

Түркістан облыстық мәслихаты

Автор: admin