• 24 ноября, 2024 3:29 пп

ДӘРІХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Автор:admin

Авг 19, 2022

 

Еліміздің көшбасшы партиясы орталық аппаратының тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласында арнайы жасақталған жұмысшы топ дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына мониторинг жүргізді. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, орынбасар М.Қалмұратов, партиялық бақылау комитетінің мүшесі Е.Серкебаев шаһардағы ірі дәріханала жүйесінде болып, препарат бағаларын зерделеді.
«Зерде» дәріханалар жүйесінде сұранысқа ие дәрілердің бағасына тоқталсақ, «Парацетамол» — 70 теңге, «Но-шпа» – 2880 теңге, «Ацикловир» — 280 теңге, «Омез» — 1325 теңгеден сатылуда. «Фарм – Лайн» дәріханасында фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдардың бағасы аса көтерілмеген. Келушілердің тарапынан да шағым айтушылар аса байқалмады. Ал, «Europharma»ға келер болсақ қаладағы басқа дәріханаларға қарағанда баға біршама қымбат. Мәселен, «Эссенциале форте Н» дәрілік препараты дәл осы дәріханада – 3527 теңге тұрса, «Мұрат Фарм» дәріханасында осы дәрі үшін – 2760 теңге төлейсіз. «Азитромицин» «Europharma»да – 995 теңге, «Мұрат Фарм»да – 890 теңге . «Детримакс Витамин Д3» «Europharma»да – 4439 теңге, «Мұрат Фарм»да – 3880 теңге төлейсіз.
Алдағы уақытта партия тарапынан дәрілік заттардың бағасын зерделеу жұмыстары жалғасатын болады. Мониторинг топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығы да ескерілетін болады.

Автор: admin