• 19 сентября, 2024 9:56 пп

Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу.

Автор:admin

Май 3, 2024

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі — халықтың осы дертке қарсы имунитетті қалыптастыру бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында парақорлықпен байланысты қылмыстардың санын азайтуға бағытталған бағдароламалардығ санын көбейтіп отыр. Бұл орайда бұл бағдарламалар қаламызды жемқорлыққа жол бермеуге оны болдыртпауға бағытталады.  Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. БҰҰ Бас хатшысы Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне арналған жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық елдің даму процесіне апатты әсерін тигізеді, өйткені мектептерге, ауруханаларға және басқа да өмірлік маңызды мемлекеттік құрылымдарға арналған қаражат тиісті жерлерге жіберілудің орнына қылмыскерлердің немесе арам шенеуніктердің қолына түседі. Сыбайлас жемқорлық зорлық пен тұрақсыздықты арттырады. Бұл мемлекеттік институттар мен тұтастай үкіметтің көңілін қалдыруы, халықтың ашуын келтіруі және тәртіпсіздікке әкелуі мүмкін» деген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі, оның ішінде келесі міндеттерді шешуге бағытталған шараларды қамтиды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру; сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау. Осы жылдар ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қалыптасты, бірқатар бағдарламалық құжаттар қабылданды. «Қазақстан-2050»: табысты мемлекет үшін жаңа саяси бағыт» стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер деңгейіне дейін көтерілді. Қазақстанда Есеп комитетінің төрайымы Н.Н. Годунова парламент палаталарының бірлескен отырысында «бюджетке қатысты сапасыз шешімдер нәтижесінде 138 млрд. теңге тиімсіз шығындалды. Бұған кім жауапты?! Көбіне бұл шешімдерді қарапайым орындаушылар қабылдаған. Осылайша, Есеп комитетінің материалдары бойынша 224 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың тек 9%-ы жетекшілер» депген болатын. Осы жағдайға байланысты Президент Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қол астындағы адамдардың іс-әрекеттері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі туралы: «Сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек» деген болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі маңызды қадам азаматтардың заң алдындағы тең жауапкершілігі болып саналады. Бұл жағынан Қытай өзгелерге үлгі болып отыр. ҚХР-ның реттеуші және тәртіптік органдарына 1,6 миллион шағымдар мен құпия хабар кеп түскен. Мемлекеттік қызметкерлер 168 мыңнан астам әңгімелер мен жазбаша өтініштер жүргізді, 351 мыңнан астам іс ашылған. 254 мың адам жауапқа тартылды. Оның 215 мыңы партиялық жазаға тартылды.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin