• 26 декабря, 2024 10:49 дп

Елімізді қуаңшылық күтіп тұр

Автор:admin

Мар 28, 2022

Қазақстанды жазда тағы да қуаңшылық күтіп тұр Қазақстанды алдағы жазда тағы да қуаңшылық күтіп тұр. Былтырғы жағдайдан сабақ алған Үкімет аптап ыстыққа төзімді дәнді-дақыл тұқымдарының жаңа сұрыптарын әзірлемекші. Былтыр Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы егістік алқаптарының жұтап қурап кеткені Министрлер кабинетін әбден қажытқан секілді.  Бір жағынан президенттің елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасы күн тәртібінде. Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі: — Қысқа мерзімде отандық тұқым сұрыптары ғылымын дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарлама қабылдау қажет. Тұқым сұрыптары сапасызданып, өнімділігі төмендеп барады. Жылдан жылға құрғақшылық белең алуда. Бұл жағдайда қуаңшылыққа төзімді әрі мол өнім беретін тұқымдардың жаңа сұрыптарын әзірлеу аса маңызды. Отандық ғалымдар тұқым сұрыптарын әзірлегенше, көктемгі егін себу науқаны басталып кетеді. Сондықтан Ресейлік импортты пайдалануға тура келеді. Оны Қазақстанға теміржол арқылы жеткізу қарастырылып жатыр. Биыл егіс алқабының көлемін шенеуніктер 23 миллион гектарға дейін арттырған. Ауыл шаруашылығы министрлігіне жоғары сұранысқа ие дәнді дақылдарды егу туралы тапсырма жүктелді. Оған жеңілдетілген несиелеу қарастырылған. Биыл көктемгі егіс жұмыстарына қазынадан 70 миллиард теңге бөлінеді. Айтып өту керек, былтыр бір гектардан шаруалар орта есеппен 10 центнер астық жинады. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 20 пайызға аз.

Jsk ақпарат

Автор: admin