• 19 сентября, 2024 5:14 пп

Есірткіден ес кетеді, білген елге!

Автор:admin

Май 2, 2024

Қазір әр елде есірткі мәселесін шешудің өз шешімдері қабылданған. Осыған байланысты біздің Қазақстанда Президентіміздің жолдауы аясында Шымкент қаласында есірткімен күресу жолдары қалыптастырылған. Нашақорлықты сіз болып, біз болып жоюдың амалын істеуіміз керек. Осы орайда қаламызда нашақорлықтың алдын-алу жұмыстары жүйелендіріліп, нәтижиесінде қылмыстың саны кеміген. Есірткіге байланысты қылмыстарға күрес жүргізу, әрине, ең алдымен, өзінің тұтынуы үшін сатып алатын адамдарды емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге, бұлтартпауға бағытталуы тиіс. Ал, есірткіні өзі тұтынатын адамдарға қатысты мемлекеттік деңгейде шара қолданылып, оларды мәжбүрлі түрде емдеу мәселесін қолға алу қажет. Осы орайда оқырмандарымызға психотроптық заттар және прекурсорлар дегеніміз не екендігі туралы қысқаша түсінік бере кетейік. Психотроптық заттар дегеніміз – адамның жүйке жүйесіне әсер ететін және фармакологиялық қасиеттері мен химиялық құрамына байланысты адам ағзасын еліртетін, күйзелтетін немесе жалған елес күйіне түсіретін заттар. Мұндай күйге түскен адам қылмыстардың небір сорақы түрлерін істеуге дейін барады. Прекурсорлар дегеніміз – есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өндіруге, дайындауға, өңдеуге пайдаланылатын заттар. Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы Қазақстан Республикасының заңдарына, халықаралық келісімдеріне, оның ішінде БҰҰ-ның 1988 жылғы Есірткі құралдары және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы Конвенциясына сәйкес республика аумағында қатаң бақылауға алынған. ҚР 1998 жылғы 10 шілдедегі №279-1 «Есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар туралы» заңына сәйкес барлық есірткі құралдары, психотроптық заттар және прекурсорлар төрт тізімге біріктірілген.  Бірінші тізімде қандай да болмасын мақсатта пайдалануға тыйым салынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізімделген. Екінші медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылауға алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізімделген. Үшінші медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылауға алынған есірткі құралдары мен психотроптық заттар тізімделген. Төртінші айналымы бақылауға алынған прекурсорлар тізімделген. Есірткі барған сайын жастарға қол жетімді болып отырғаны, Қазақстан аумағына жаңа, оның ішінде өте күшті әсер ететін есірткілердің әкелінуі алаңдатып отыр. Олардың біреуі – психотроптық заттардың жаңа синтетикалық аналогтары – синтетикалық каннабиноидтар. Синтетикалық каннабиноидтар дегеніміз – ол өсімдік каннабиноидтарының құрылымы бойынша тектігі бірдей және фармакалогиялық әсері ұқсас синтетикалық препараттары.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin