• 21 ноября, 2024 2:32 пп

Есірткінің түр-түрін үйінде сақтаған Шымкент тұрғыны мен есірткі затын сатқан азаматша сотталды

Автор:admin

Ноя 16, 2024

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Ол «Алаш» базары аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында құрықталған болатын. Тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру барысында күдіктінің үйінен қосымша аса ірі көлемдегі тағы бірнеше есірткі заттары тәркіленіп алынған. Жүргізілген сараптама нәтижесімен күдіктіден алынған есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі анықталып, салмағы 997 грамды құраған. Ал оның үйін қарау барысында әр қаптамаға оралып салынған заттар сараптама нәтижесімен 14 кг 822 грамдық «кептірілген марихуана», 466 грамдық «гашиш», 20 грамдық «тетрагидроканнабинол» және 4 кг 112 грамдық «кептірілген марихуана» есірткі заттары екендігі анықталды. «Басты сот талқылауында сотталушы кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты. Заңға қайшы екенін біле тұра, бұл есірткі заттарды өзінің жеке басына пайдалану үшін алғанын, сақтағанын, тасымалдағанын айтып көрсеткен. Сот үкімімен ол Қылмыстық Кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) кінәлі деп танылып, 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалды» деп атап өтті Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер. Сонымен қатар Шымкентте 20 жасар бойжеткен «Telegram» каналындағы парақшалардың бірінде «курьер» ретінде жұмысқа тұрған. Интернет-ботпен хат жазысып, кейін тыйым салынған заттарды тасымалдап, Шымкент қаласы аумағындағы жасырын орындарға қалдырып жүрген. Ол Түркістан облысының тұрғыны болған. Ұсталған кезде жас қыздан қара түсті изолентаға оралған 36 дана есірткі заты табылған. Сонымен қатар, ол жасырын орындарға тығып үлгірген жерлерден тағы 2 дана есірткі заттары алынған. «Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заты синтетикалық психотпропты мемкатинонның аналогы – мефедрон екендігі анықталып, жалпы салмағы 39,831 граммды құраған. Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, өкінетінін жеткізген. Абай аудандық сотында оған қатысты сот үкімі шықты. Бойжеткен кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды»,-делінген қалалық Полиция департаменті берген мәліметте.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin