• 19 сентября, 2024 4:59 пп

Жалпы ішкі өнім өткен жылы 5,1%-ға өсті – Түркістан облысындағы нәтижие қандай?

Автор:admin

Июн 1, 2024

Мәжілісте үкімет өкілдері республика экономикасының өсу көрсеткіші қандай, мемлекеттік қарыз көлемі қанша екенін айтты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 5,1%-ға өсті, деп хабарлады қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков. Оның ішінде Түркістан облысының жалпы ішкі көлемі айтарлықтай өсіп отыр. Мәселен инвесторларды тарту бойынша облысымызды үшінші орынға көтеріліп, бюджеттік өсім бойынша алдыңғы бестікке кіріп отырғандығын тілге тиек еткім келеді. Осы орайда Мәжілісте үкімет пен Жоғарғы аудиторлық палата мүшелері республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Өткен жылы өңдеу өнеркәсібі ұлғайып, құрылыс саласы мен саудада өндіріс өсті, сондай-ақ көлік қызметі, көтерме және бөлшек сауда салаларында оң өзгерістер болды, деді Қаржы министрлігі басшысының орынбасары. «Инфляция деңгейі 9,8%-ды құрады. Бюджет кірісі 99,9%-ға орындалып, 19,296 трлн теңге болды. Шығыстар 22,417 трлн теңгеге (99,6%) орындалды. Бюджет тапшылығы 3,121 трлн теңгені құрады, бұл ЖІӨ-ге шаққанда 2,6%», — деді Темірбеков.

Ұлттық қордың активтері 10%-ға өсті, деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, соңғы 3 жылда Ұлттық қордағы қаражат ұлғайған:

2021 жылы – 59,4 млрд доллар;

2022 жылы – 57,9 млрд доллар;

2023 жылы – 65,7 млрд доллар. «Кепілдендірілген трансферт 2022 жылы 4 трлн теңгеден 2023 жылы 2,2 трлн теңгеге дейін төмендеді. Биылдан бастап кепілдендірілген трансферт көлемі жылына 2 трлн теңгеден аспайды», — деді Темірбеков. Айта кету керек, «Балаларға арналған ұлттық қор» жобасына аударым бір балаға 100,52 долларды құрады. «Есепті жылы бюджет тапшылығы 3,1 триллион теңгені құрады. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды, бұл несие түсімдері — 5 348,1 миллиард теңге, бюджет қалдықтарын пайдалану — 222,3 миллиард теңге, несиелерді өтеу — 2 449,6 миллиард теңге», – деді вице-министр. 2024 жылдың ағымдағы жағдайы бойынша мемлекеттік қарыз 27,2 трлн теңге болды, бұл жалпы ішкі өнімнің 22,8 пайызын құрайды, деп жалғастырды спикер. Оның 24,9 триллион теңгесі үкіметтік қарыздың үлесі (ЖІӨ-нің 20,9%). Үкіметтің алдыңғы 4 жылға болжамына сәйкес, мемлекеттік қарыз ЖІӨ-нің 25% шегінде, ал үкіметтік қарыз ЖІӨ-нің 21% деңгейінде болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin