Таза Қазастан акциясы Шымкент қаласында үздіксіз әрі қарқынды жүргізілуде. Оның бірден бір себебі, жастардың Таза Қазақстан акциясының мәнін жетік түсінуінде. Қаланың, өзіңнің ортаңның және қоғамның тазалығы — ол халқының сауаттылығының көрсеткіші екендігімен толықтай келісуінде. Осы бағытта жастарға алдымен акцияның бағыты мен маңызын түсіндіру мақсатында арнайы волонтерлік ұйымдарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сананы өзгерту мақсатында кездесулер өтті. Волонтерлік күштің көмегімен ең лас аймақтар белгіленіп, еріктілер тазалық жұмыстарын жүргізу барысында сол жерлерге дең қойды. Жыл басынан бері қалада 1000 еріктілер, 2000 жұмысшылар жұмылдырылған 25 іс-шара өтіп, 26 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. 10 мың ағаш көшетін жастар өз қолдарымен егіп, қаланың экологиялық ахуалының жақсаруына елеулі үлес қосты.
Шымкент — біздің ортақ қаламыз! Оның күн санап көркеюі — біз үшін мақтаныш, әрі парыз!
*ЖАСТАРМЕН БІРГЕ ТАЗА ШЫМКЕНТ*
