• 11 ноября, 2024 12:05 дп

«Жаңа экономикалық саясат»  бағдарламасының мақсаты хақында!

Автор:admin

Июл 14, 2023

«Жаңа экономикалық саясат»  бағдарламасының қажеттілігі: тұралап немесе жабылып қалған кәсіпорындарға 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидиялануында. Ал, агроөнеркәсіптік кешенде несие үстемеақысының 10 пайызы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 5-6 пайызбен өтейді. Субсидиялау мерзімі инвестициялар үшін 7 жыл және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жыл. Бұл – бизнес иелері үшін өте оңтайлы ұсыныс. «Жаңа экономикалық саясат» дегенді қарабайырлап түсіндірсек, бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өндірісі және басқа да тауарлар бар. Аталған бағытты дамытудың қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында атап өткен болатын. Бұл бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Шымкентте бұл бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерден құны 87,8 млрд теңге болатын 92 жоба бойынша ұсыныс түскен. Оның 60-қа жуығы мақұлданып, бүгінгі күнге 7,6 млрд теңгеге 37 жоба қаржыландырылды. Бұл жөнінде кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мамандары мәлімдеді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін құны 23,3 млрд теңгеге 22 жобаны екінші деңгейлі банктермен қаржыландырылады деп жоспарлануда. Былтыр жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 600 млрд теңге бөлген еді. Оның ішінде 400 млрд теңге – өңдеу өнеркәсібі мен қызметтерді ынталандыруға, 100 млрд теңге – агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеуге, тағы 100 млрд теңгесі – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске бағытталды. 2025 жылға қарай 16 мың тұрақты жұмыс орнын құрып, бюджетке салық түсімдерін 1,1, трлн теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр. Сол арқылы өндіріс көлемі артып, импорт үлесі 37 пайызға қысқарады.

Jsk ақпарат

Автор: admin