• 26 декабря, 2024 6:11 пп

Жекешелендіру бағдарламасы бизнеске мемлекеттік қатысуды қысқарту үшін қажет.

Автор:admin

Июн 12, 2024

Қазақстан дамушы мемлекет ретінде, дамыған капиталистік елдердің заңдылықтарына бейімделіп ішкі нарықты дамытады, ішкі өнім дамыса, сырттан келетін тауардың үлесі азаяды және сыртқы нарықта отандық өнімдердің көрсеткіші жоғарлайды. Бұл бағытта Түркістан облысының атқарып отырған салмақ үлесі жоғары. Сырттан келетін тауарлардың үлесі қысқарса, мемлекеттің нарығында басқа мемлекеттерге деген экономикалық тәуелділік болмайды, отандық өндіріс қарқынды дамиды. Саяси экономиканың атасы Адам Смит мемлекет даму үшін оның ішкі өнімі 50%-ға жету керек деген болатын. Ұлттық ішкі өнімді дамыту — негізінен, мемлекеттің бақылауындағы шағын және орта бизнестің қолында, шағын және орта бизнес — кәсіпкерліктің негізгі үлесі жекеменшіктің қолында. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарықтық экономиканы жедел әрі тиімді дамытатын — жекеменшік секторлар. Қазақстанда билік тарапынан шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалған, ендігі кәсіпкерлердің, өндірушілердің міндеті — сапалы, ішкі сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті сапалы өнімдер шығару. Ал халық елдегі жекешелендіру процесіне белсенді қатысып, ел экономикасының дамуына өзіндік үлесін қосуы керек. Ол үшін мемлекетте жекешелендіруді жүргізу механизмдері жетілген, халықтың қатысуына ашық демократиялық принциптерге негізделген мүмкіндіктер жасалған. Ел басшылығы нарықтық экономика үшін негіздер жасау мақсатында жекешелендірудің бірінші толқынын 90-шы жылдары жүргізді. Соған қарамастан, кәсіпорындардың белгілі бір саны мемлекеттік меншікте қалды, ал көптеген компаниялар мен даму институттары жекешелендірудің бірінші толқынынан кейін құрылды. Жекешелендірудің осы кездегі толқыны енді нарықтық экономиканың негіздерін берік ету мақсатында жүргізілуде және осы бағдарламаның негізгі идеясы – елдің жеке бизнесінің одан әрі дамуына серпін беру.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin