• 26 декабря, 2024 7:34 дп

Жергілікті бюджеттің ашықтылығы маңызды фактор

Автор:admin

Июн 17, 2024

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа Жолдауында «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады. Осы орайда Түркістан облысы – бюджеттің ашықтылығын қаматамасыз ете отырып, азаматтарды осы салада белсенді болуға шақырады. Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс» деп баса айтқан болатын. Бұл міндетті орындаудың бір құралы ретінде «Жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі» жүзеге асырылып, онда облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде бюджет жүйесінің ашықтығы, айқындығы мен есеп беру деңгейі өлшенуде. Зерттеудің мақсаты – жергілікті деңгейде бюджет процесінің ашықтық деңгейін анықтау, сондай-ақ жұртшылықтың бюджет туралы ақпаратқа қол жеткізуін арттыру.Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексін анықтауға бағытталған зерттеудің нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы жергілікті бюджеттердің ашықтығы бойынша көшбасшы деп танылды. Бұл нәтижеге қол жеткізуге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бастамасымен, Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен енгізілген «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» жобасы елеулі үлес қосты. Себебі, ашық бюджеттердің интерактивті картасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуы жарияланады. Сондай-ақ, интерактивті карта – азаматтардан түскен өтініштерді қабылдау және өңдеуге арналған алаң болып табылады. Ал картаның әлеуеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның міндеттеріне тиімді қол жеткізу мақсатында жүйенің жаңа мүмкіндіктерін әзірлеуді және енгізуді жоспарлауға мүмкіндік береді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin