• 22 ноября, 2024 4:30 пп

ЖЕР МӘСЕЛЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨТІНІШТЕР ТЫҢДАЛДЫ

Автор:admin

Фев 10, 2022

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Айманбетов азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдады.

Кестеге сай өткен қабылдауда азаматтардың көпшілігі жер мәселесі бойынша көмек сұрады. Қала әкімінің орынбасары әрбір тұрғынның сауалына нақты жауап беріп, жер алудың тәртібі мен жерді заңдастырудың заңдылығын және жердің нысаналы мақсатын өзгерту ережесін түсіндірді.

Сонымен бірге Мәулен Айманбетов аталған мәселелер бойынша тұрғындардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Қала әкімінің орынбасары әр аптаның бейсенбі күндері азаматтарды энергетика, құрылыс, жер және табиғат саласына қатысты сұрақтар бойынша қабылдайды.

Қабылдауға +8 (7252) 24-70-27 нөміріне қоңырау шалып жазылуыңызға болады.

Jsk ақпарат

Автор: admin