• 24 ноября, 2024 10:54 дп

ЖОЛДАУДАҒЫ БАСЫМ БАҒЫТТАРДЫ ТҮСІНДІРДІ

Автор:admin

Окт 17, 2022

 

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру жұмыстары Қаратау ауданы «Нұрсәт» өнер мектебінде жалғасты. Кездесуге AMANAT партиясы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Талғат Балтабаев, Айжан Наимбекова және Қаратау ауданының тұрғындары қатысты.
Іс-шара аясында мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
–Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы отандастарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған шешімдердің жиынтығы. Мемлекет басшысы өзінің бес бағыттан тұратын Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірқатар реформаларды ұсынды. Ұлттық қордың пайдасы қарапайым халық үшін қызмет ететіні көпшілікті қуантқан жәйт. Сонымен қатар, әйелдердің зейнетке шығу жасы 61-ге төмендегені де жағымды жаңалық болды. Бала күтіміндегі аналардың ақылы демалысы бір жарым жылға дейін ұзартылатын болды. Бұл да декреттік демалыстағы аналардың пайдасына шешілген мәселе, — деп атап өтті Т.Балтабаев.
Жиын соңында тұрғындар әлеуметтік салада мазалаған бірқатар сұрақтарына жауап алды. Жолдау жүктеген міндеттер туралы өз ойларымен бөліскен тұрғындар өзгерістер жолындағы барлық реформаларын қолдайтындарын да жеткізді.

Автор: admin