• 24 ноября, 2024 3:02 пп

ЖОЛДАУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ САРАЛАНДЫ

Автор:admin

Окт 14, 2022

Бүгін зағип жандарға арналған «Үміт» мектеп-интернатының ұжымымен кездесу өтті. Мектеп-интернаттың қызметкерлеріне мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жайлы кеңінен түсіндірілді. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Еңбекші аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Г.Жартыбекова, қалалық мәслихат депутаттары А.Елшиева, Қ.Сүлейменов, Қ.Сұлтанғали қатысты.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Әлібекқызы басқосуда Мемлекет басшысының Жолдауында назар аударылып отырған барлық басымдықтардың маңызына тоқталды. Президент Қ.Тоқаев заманауи даму жолдарын ескере отырып, қазақ тілінің мәртебесіне, халықтың денсаулығын нығайтуға, білім саласы мен жастарға, кәсіпкерлерге қолдауды күшейту қажеттігіне сондай-ақ ұлттық қордың табысын қарапайым бұқараның есебіне аударуға баса назар аударғаны халықтың әл-ауқатын жақсартуға көзделген негізгі шаралар екенін атап өтті.
-Жолдаудың нақты іс-әрекеттерге орайластырылған біртұтас ұлт болу қадамымызды айқындай түсетін қуатқа ие құжат екенін баршамыз түсінуіміз қажет. Өткен аптада Астана қаласында өткен партияның кезектен тыс XXIV Съезінде қазақстандықтар ауызбіршіліктің керемет үлгісін көрсете білді. Осы Съезде Халықтық коалиция құрылып, бір емес үш бірдей саяси партияның атынан алдағы кезектен тыс Президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасы ұсынылып, қолдау тапты, — деді Ж.Әлібекқызы.

Автор: admin