• 5 декабря, 2024 2:07 дп

ЖОЛДАУ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖҮРЕГІНДЕ АҚАУЫ БАР БАЛАЛАРҒА ОТА ЖАСАП ЖАТЫР

Автор:admin

Дек 3, 2024

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау саласында бірқатар өзгерістер керек екендігін тілге тиек еткен болатын. Мемлекет басшысы саладағы түйіткілді мәселелерді атап өтіп, біліктілікті арттыру басты міндетке айналуы керектігін ескерткен. Осы орайда, Түркістан облысында Беларусиядан келген білікті дәрігерлер өңірдегі облыстық балалар ауруханасы базасында жүрегінде ақауы бар балаларға күрделі оталар жасап, тәжірибе алмасуда.

25 қараша күні басталған шетелдік мамандардың қатысуымен шеберлік сабағы 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгінге дейін беларустық дәрігерлердің қатысуымен үш балаға тың әдіспен операция жасалды.

Тәжірибе алмасу жұмыстары Беларусияның Минск қаласындағы Республикалық балалар хирургиясы ғылыми-практикалық орталығының дәрігерлері, соның ішінде Еуропалық кардиоторакалдық хиругтар қоғамының мүшесі Ю.В.Линник, дәрігер анестезиолог-реаниматологтар О.А.Кожемякинаның және А.А.Цильконың және облыстық балалар ауруханасының дәрігерлерімен бірігіп жүргізілуде.

Күрделі оталардан бөлек облыстық балалар ауруханасының кардиохирургия бөлімшесінде білікті мамандар жүрегі ауыратын балаларға кеңес беріп, диагностикалық тексерулер жүргізді.

Айта кетейік, шеберлік сабақтары «Жұлдызай және К» қоғамдық қорымен ұзақ мерзімді ынтымақтастық шеңбері аясында жүзеге асуда. Мұндағы басты мақсат – өңірдің дәрігерлеріне инновациялық технологияларды игеруде шетелден келген білікті маман арқылы ғылыми-тәжірибелік көмек көрсету.

Автор: admin