Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Сіздерді “Жастарға жұмыс” республикалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз!
Жәрмеңке 25 шілде күні Арбат алаңында, сағат 10:00-де өтеді.
Іс-шараны ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы және Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.
Сондай-ақ шара аясында мансап орталығы мамандарының кеңесі,солтүстікке қоныс аудару, кәсіптік оқыту және enbek.kz электронды порталымен жұмыс жасау бағыттары түсіндіріледі.
Жұмысқа орналасу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз!