• 22 августа, 2025 3:25 пп

Жұқпалы аурулар туралы не білеміз?

Автор:admin

Авг 22, 2025

Шымкент қалалық жұқпалы ауруларауруханасыӨңірлік инфекциялық ауруханажаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар мен ұстаздарды балалар арасында жұқпалы аурулардыңалдын алу шараларына ерекше мән беругешақырады.

Жаңа оқу жылының басталуыбілім беру саласының маңызды кезеңі ғана емес, соныменқатар балалар денсаулығына қауіп төндіретінкүрделі эпидемиологиялық жағдайлар жиікездесетін уақыт. Мектепке және мектепке дейінгіұйымдарға баратын балалардың ұжымдық ортадатығыз қарым-қатынаста болуытүрлі жұқпалыаурулардың таралуына қолайлы жағдай туғызады.

Жұқпалы ауруларадамзат тарихында ең көпзардап әкелген, қоғамның әлеуметтік жәнеэкономикалық дамуына елеулі әсер еткендерттердің бірі. Қазіргі таңда да бұл аурулардыңалдын алу, дер кезінде анықтау және тиімді ем жүргізуденсаулық сақтау жүйесінің бастыбасымдықтарының бірі болып қала беруде.

Осы ретте Шымкент қалалық жұқпалы ауруларауруханасы тек қаланың ғана емес, бүкілТүркістан облысының жұқпалы ауруларменкүресудегі сенімді тірегіне айналып отыр. Қазіргі таңда ауруханаға денсаулық сақтау саласының үздік ұйымдастырушысы, тәжірибелі дәрігер-инфекционист, жоғары санатты маман Ережепов Бақтығали Аюбайұлы басшылық етеді. Оның жетекшілігімен мекеменің материалдық-техникалық базасы нығайып, халықаралық стандарттарға сай заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізілді. Бақтығали Аюбайұлының айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық кезінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мен білім беру мекемелері инфекциялық аурулардың алдын алуға ерекше назар аударуы тиіс:

«Бұл – тек әр баланың жеке денсаулығы ғана емес, жалпы қоғамның денсаулық сақтау жүйесініңтұрақтылығы үшін де маңызды. Әрбір ата-анабаласының жағдайына мұқият болуы қажет. Егер балада ЖРВИ, ішек инфекциясы немесе өзге де жұқпалы ауру белгілері байқалса, оны мектепкенемесе балабақшаға апармай, дереу медициналықкөмекке жүгінген жөн. Ауруды ерте анықтап, уақытылы ем жүргізужұқпалы індеттердіңтаралуын тоқтатуда шешуші рөл атқарады».Балалар арасында жиі кездесетін жұқпалы ауруларқатарына

Жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) және тұмау:
Күз-қыс маусымында ең жиі тіркелетін аурулар тобы. Қоздырғыштарытұмау вирусы, парагрипп, аденовирус және риновирус. Белгілері: денеқызуының көтерілуі, мұрыннан су ағу, жөтел, бас ауруы, жалпы әлсіздік. Асқыну жағдайындабронхит, пневмония, отит дамуы мүмкін. Алдыналу шаралары: жыл сайынғы тұмауға қарсывакцинация, жеке гигиена және санитарлықталаптарды сақтау.

Қызылша: өте жұқпалы вирустық инфекция. Соңғы жылдары вакцинация деңгейініңтөмендеуіне байланысты елімізде қызылшаменсырқаттанушылықтың қайта өршуі тіркелуде. Ауру дене қызуының көтерілуі, конъюнктивит, жөтел, бөртпе шығуымен сипатталады. Асқынулары – пневмония, энцефалит, тіпті өлім жағдайларынаалып келуі мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцинация (ҚҚК) – алдын алудың негізгі құралы.

Көкжөтел (коклюш): бактериялық инфекция. Балаларда тұншығу сипатындағы ұзақ жөтелұстамаларын тудырады. Әсіресе жас балалардаапноэ, энцефалопатия секілді ауыр асқынуларғаалып келуі мүмкін. АКДС вакцинациясысенімдіалдын алу әдісі.

Дифтерия: тамақта фибринді қабат түзіп, тынысжолдарының тарылуына, ауыр улану белгілерінежәне жүрек, жүйке жүйесі тарапынан асқынуларғаәкеледі. Алдын алу – АКДС немесе АДС-М вакцинациялары.

Сіреспе (столбняк): clostridium tetani бактериясыжаралар арқылы ағзаға еніп, бұлшықеттердіңтырысуымен сипатталатын ауыр ауру. Алдын алужоспарлы вакцинация және жарақаттардыуақытылы өңдеу.

Ішек инфекциялары (ротавирус, дизентерия, сальмонеллез, энтеровирустар): негізгі белгілерііш өту, құсу, дене қызуының көтерілуі, сусыздану. Инфекция ластанған тағам мен судан, сондай-ақ тұрмыстық-қатынас жолымен таралады. Алдын алужеке гигиена, таза ауыз су мен дұрыстамақтану.

Менингит: Neisseria meningitidis және басқақоздырғыштардан туындайтын ауру. Ауырклиникалық белгілерімен, соның ішінде қатты бас ауруы, қызба, мойын бұлшықеттерінің тартылуы, құсу сияқты симптомдармен өтеді. Алдын алуэпидемиологиялық көрсеткіштер бойыншавакцинация.

Алдын алу шараларының кешенді жүйесі

1. Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жоспарлывакцинация.
Бұлжұқпалы аурулардан қорғаудың еңсенімді әрі ғылыми тұрғыда дәлелденген әдісі.
2. Гигиеналық тәрбиені күшейту.
Балаларды қолды жиі жууға, бөтен заттардыауызға салмауға, жеке сүлгі мен ыдыстыпайдалануға үйрету маңызды.
3. Иммундық жүйені нығайту.
Дұрыс тамақтану, дәрумендер қабылдау, таза ауада серуендеу және спортпен айналысуиммунитетті қолдаудың тиімді тәсілдері.
4. Білім беру ұйымдарында санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуы.
Сыныптарды күнделікті желдету, ылғалдытазалау, балалардың температурасын бақылаужәне оқушылардың денсаулығынмониторингтеумектеп пен балабақшаәкімшілігінің негізгі міндеттерінің бірі.

Жаңа оқу жылы қарсаңында инфекциялықаурулардың алдын алубұл мемлекет, білім беру мекемелері мен ата-аналардың ортақ міндеті әріжауапкершілігі. Қызылша, тұмау, көкжөтел, ішекинфекциялары, дифтерия, сіреспе және менингит тәрізді жұқпалы аурулардың өршуін болдырмау – тек екпе егу мен санитарлық бақылау шараларынағана емес, сонымен қатар ата-аналардыңқырағылығы мен мектептердің жүйелі, үйлесімдіжұмысына тікелей байланысты.

Баланың денсаулығы – ұлт болашағының кепілі. Дені сау ұрпақдені сау қоғам мен қуаттымемлекеттің негізі. Сондықтан әрқайсымыз осы бағыттағы жауапкершілікті терең сезініп, өзүлесімізді қосуымыз қажет.

Автор: admin