• 23 ноября, 2024 9:35 дп

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін кім жұмсай алады: 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегі жарияланды

Автор:admin

Ноя 30, 2022

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың шекті мәнін жариялады, деп хабарлайды Jsk.Kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда жеткіліктіліктің жаңа шегі 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. 2023 жылға арналған шек жасына байланысты 3-тен 10 миллион теңгеге дейін болды.

20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш 3 миллион 260 мың теңгені (2022 жылы — 3 миллион 140 мың теңге), 30 жастағы азаматтар үшін – 4 миллион 580 мың теңгені (2022 жылы — 4 миллион 370 мың теңге), 40 жастағы азаматтар үшін — 6 миллион 100 мың теңгені (2022 жылы жыл — 5 миллион 790 мың теңге) құрады.

«Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі.

2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді», –  деп атап өтті БЖЗҚ.

 

Автор: admin