• 11 сентября, 2025 12:37 пп

Инвесторлардың құқықтарын қорғау – прокуратураның ерекше бақылауында

Автор:admin

Авг 1, 2025

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын жүйелі және тиімді қорғауға, маңызды жобалардың іске асырылуын барлық кезеңдерде сүйемелдеуге бағытталған. Осы жұмыс аясында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуроры мақта, аралас және тігін маталар өндірісі бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатқан «Шабитекс» ЖШС ұжымымен жұмыс кездесу өткізді (инвестициялардың жалпы көлемі 1,9 млрд теңгеден асады, 120 жаңа жұмыс орнын құру көзделген). Кездесу барысында инвестормен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті (бұдан әрі – Комитет) тарапынан бұрын жеткізілген өнім үшін берешегі туралы проблемалық мәселе айтылды. 160 млн теңге мөлшеріндегі берешек салықтық бересінің пайда болуына және кәсіпорын қызметінің тұрақтылығына қауіп төнуіне әкелді. Қала прокуратурасының араласуынан кейін Комитет берешекті толық көлемде өтеді. Түскен қаражат кәсіпорынға салықтық міндеттемелерін уақтылы өтеуге және жоспарлы режимде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Бизнес субъектілері өзекті мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі байланыс орталығының +77076150010 нөміріне немесе Фронт-офиске (Шымкент қаласы, Ерімбетов көшесі, 304 г, Заңғар бизнес орталығының ғимараты) хабарласа алады. Қазақстан – құқықтық мемлекет. Бізде бұл туралы арнайы доктрина да бар. Ал құқықтық мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуі, елдегі демократиялық процестердің дамуы адам бостандығы мен құқығын сақтау сынды ең асыл құндылықтарымен тікелей байланысты. Басты ұстанымы да адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және оларға қысым жасауға жол бермеу болып қала береді. Жарлық Үкіметтің алдына жаңа міндеттер қойып, қызмет бағыттарын айқындап берді. Бұл іс-шаралар елімізді барлық қызметі құқық нормаларына бағынатын, әр азаматының қадір-қасиетін, бостандығы мен құқықтарын қорғауды алдыңғы орынға қойған құқықтық мемлекет ретінде сипаттайды. Ерекше айта кетерлік жайт – маңызды Жарлықта белгіленген азаматтардың барлық өмірлік маңызды құқықтары Ата Заңымызда көрсетілген азаматтардың конституциялық құқықтарынан туындайды. Егер жағдайды жақсарту үшін жеке Жарлық шығару қажет болса, бұл осы салада жинақталған проблемалардың маңыздылығын білдірсе керек. Бастысы – қазіргі таңда азаматтық қоғам адам сау­дасы, әйел теңдігі, қоғамдық көзқарасты білдіру, өмір сүру құқықтарына қатысты мәселелерде сындарлы өзгерістер жасау үшін пісіп-жетілді.

 

Jsk ақпарат агенттігі

Автор: admin