• 29 ноября, 2024 3:56 пп

Инновацияларды, қаржылық технологияларды, жаңа бизнес-модельдерді және құзыреттерді дамыту.

Автор:admin

Авг 5, 2024

Реттеушілік жүктемені оңтайландыру үшін датаға негізделген қадағалауға өту жүзеге асырылады және RegTech және SupTech технологияларын қолдана отырып, қаржы ұйымдарын қадағалау рәсімдері автоматтандырылады. Соңғы жылдары қаржы нарығында платформалық шешімдер мен экожүйелер түрінде цифрлық сервистердің өсуі мен кеңеюі байқалады.

Қаржы ұйымдарының цифрлық сервистерді енгізуіне және экожүйелерді дамытуға байланысты әлеуетті тәуекелдерді шектеу үшін қаржылық экожүйелерді тиісті реттеу енгізілетін болады. Онлайн сервис саласындағы қаржы ұйымдары арасындағы адал  бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін Open API және Open Banking ашық интерфейстер стандарттарын енгізу тәсілдері әзірленетін болады. БҰҰ-ның орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі күн тәртібіне сүйене отырып, қаржы нарығында ESG қағидаттарын енгізу, сондай-ақ «жасыл қаржыландыруды» дамытуды ынталандыру жеке бағыт болады. Қаржы нарығында қаржы ұйымдарының ESG тәуекелдеріне ұшырағыштығы туралы ақпаратты ерікті түрден міндетті түрде ашуға  кезең-кезеңмен өтуі жүзеге асырылатын болады. ESG қағидаттарын тәуекелдерді басқарудың ішкі жүйелеріне және қаржы ұйымдарының корпоративтік басқаруына біріктіру жоспарлануда. ESG тәуекелдерін бағалау SREP қадағалау жүйесіне және стресс-тестілеуге енгізіледі. Нарыққа қатысушылардың ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін қаржы нарығының киберқауіпсіздігі оқиғалары мен оқыс оқиғаларына мониторингтеу  және ден қою жүйесі автоматтандырылады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin