• 25 ноября, 2024 7:35 пп

Кез-келген мемлекеттік мекеме бюджет қаражатын ұтымды пайдалана алуы тиіс

Автор:admin

Апр 11, 2024

Жалпы бюджет қаражаттарын игеруде жіберілетін кемшіліктер экономикамыздағы жүргізіліп жатқан өзгерістер мен реформаларға байланысты өздерінің мазмұны мен түрлерін өзгертіп отырады. Осыған байланысты бақылау іс-шараларының тәсілдері мен әдістерінде тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп олардың тиімділігін қамтамасыз ету және жолсыздықтардың алдын алу шараларын жасау өте маңызды. Қазіргі уақытта тексеру объектілерінде кассаға тікелей қол сұғу, нақты ақша қаражаттарының және материалдық құндылықтардың кемдігі азайған. Оның есесіне мемлекеттік сатып алу заңының талаптарының сақталмауы, бюджет қаражаттарының тиімсіз және мақсатсыз жұмсалу фактілері, еңбек ақының және кұрылыс пен күрделі жөндеулердің көлемін негізсіз жоғарлату, қаражаттардың артық жоспарлануы мен игерілмеуі жиі орын алуда. Соңғы жылдары мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек ақыны қызметкерлер мен жұмысшылардың банктағы карт-шоттарына, олардың тиесілі алашақ жалақыларынан едәуір көп сомалар аударылып алынғандығы немесе мекемеде жұмыс істемейтін жеке тұлғалардың бет есебіне аударылып кету фактілері көп кездеседі. Мекемелердің жылу, электр-энергиясы және коммуналдық қызмет көрсетуге алдын ала төлемдер төлеу салдарынан дебиторлық қарыздар пайда болып, оларды бухгалтерлік есепте көрсетпеу фактілері көптеп кездеседі. Осындай жолмен құралған дебиторлық қарыздардың сомасы келесі жоспарлау жылында есепке алынбай бюджет қаражаттарының артық жоспарлануына және мекемелердің Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне қайшы бекітілген жеке қаржыландыру жоспарынан артық міндеттер қабылдап кредиторлық қарыздардың көбейуіне жол беріледі. Жалпы мемлекеттік мекемелерде қаржы жоспарларын жасауда қателіктер жіберіліп, бюджет қаражаттарын артық және бірінші кезектегі емес шараларға жоспарлау себебінен олардың толық игерілмеуі орын алуда.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin