• 21 ноября, 2024 12:42 пп

Латын әліпбиіне көшудің жолдары!

Автор:admin

Июл 15, 2022

Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі жөнінде пікірлер жиі айтылып келеді. Қорытындылай келе, ғылыми қауым латын әліпбиіне көшкен түркі халықтарының жағдайына да жеке зерттеу жүргізіп келеді. Осы бағытта арнайы бағдарлама да бар секілді. Латын әліпбиіне көшкен өзбек ағайындарда туындаған бір қиындық — өзбек мектебі латынша жазса, орыс мектептері бұрынғы кирилл жазуында қалып отыр. Себебі өзбек тіліндегі мектепке латын әріптерін меңгерген мұғалім, латынша шыққан оқулықтар, ал орыс мектебіне басқа кітап, басқа мұғалім керек екен. Орысша оқитындарға кітап қоры жеткілікті болса, өзбек мектебіндегі латынша оқитындарға ондай мүмкіндік жоқ, орыс әліпбиін танымайды. Сол сияқты латын әріптерімен шыққан басылымдардың таралуы да аз екен. Әрине, мұндай кемшілікті уақытша қиындық қана деп білеміз.Қиындықтар болмайды емес, болады. Бірақ «шегірткеден қорыққан егін екпейді» дегендей, қиындықтан қорқып қол қусырып отыруға да болмайды. Бес мың жылдық тарихы бар Қытай мемлекеті өздерінің ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи мұрасын бір әліпбиден екіншісіне көшірудің мүмкін еместігінен өз иероглифтерінен айырылмай отыр. Бірақ Қытайда да латын әліпбиінің өз орны, осы әліпбиге деген қызығушылық бар. Қытай 1949 жылы өз иероглифтерін латын әріптерінен транскрипциялады, соның арқасында қазір шетелдіктердің қытай тілін латын әріптері негізінде меңгеруі бұрынғыға қарағанда жеңілдей түскен. Ал жапон елінде ғылыми жұмыста және байланыс құралдарын пайдалануға ыңғайлы болуы үшін екінші әліпби ретінде латын жазуы қолданылады.Тағы бір ескеретін жай — латын әліпбиіне өтсек, барлық мәселе шешіледі деп арқаны кеңге салуға да болмайды. Латын әліпбиіндегі британдық ағылшындар өз тілдерінің америка, европа құрлықтарында әр жерде әртүрлі айтылып кетпеуіне, немістер мен еврейлер жер-жерден келген өз қандастарының тілді бұзбай дұрыс меңгеруіне, француздар өз тіліне ағылшын кірме сөздерінің көп еніп кетпеуіне басқа елдер де алаңдаушылық білдіріп, үнемі назарда ұстап, тілін дамыту шараларын жүргізіп, тіпті «тіл полициясын» да осы іске қосып отыр. Сондықтан бізде тілімізге бұрынғыдан да жауапкершілікпен қарап, Елбасы айтқандай, «қазақ қазақпен қазақша сөйлеуі керек».

Jsk ақпарат

Автор: admin