• 27 ноября, 2024 7:48 дп

Мегаполистің инфрақұрылымы жаңа стандартқа сәйкес болуы қажет!

Автор:admin

Сен 2, 2023

«Мегаполистің мүмкіндіктері қандай болмақ?», «Қаланың инфрақұрылымы мегаполиске сай ма?» деген сұрақтарды естіп қалып жүрміз. Көпшіліктің көкейінде бұл сауалдардың тууы да заңдылық. Мегаполис дегенде, ең алдымен, халық санына қарай туындайтын қажеттілік пен әлемдік стандартқа сай келетін инфрақұрылымдық жағдайды жасау маңызды екені белгілі. Әрине, 15 млн-нан астам халқы бар Мәскеу немесе 35 млн халық тұратын Токио мегаполисі секілді Шымкент ә дегеннен әлемдік түсініктегі «мегаполис» қалалардың қатарына еніп кетпес. Десе де, еліміздегі үшінші қала қазір сол алып мегаполистерге бет түзеп, өзіндік келбетін қалыптастыруға кірісіп кетті.
Бүгінде Шымкентті республикалық маңыздағы қала ретінде дамыту мәселесі күн тәртібінде тұр. Жол мәселесі кезек күттірмейтін түйткілді мәселелердің бірі. Ал шаһарда жолдардың мәселесі әрқашан өзекті. Жолды жаңарту жұмыстары әр мегаполистің алдында тұрған проблемалардың бірі. Осы орайда Шымкенттің 98 көшесінде орташа жөндеу және аяқ жол салу жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда Тәуке хан мен Қонаев даңғылдарының қиылысында жаяу жүргіншілер өткелі салынып, Темірлан тасжолы мен Алматы-Ташкент автожолы қиылысындағы жол-көлік өткелі жөнделуде.Жалпы қала ішіндегі 90 көшені күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстары басталды. Өткен жылы қайта құру жұмыстары басталған 7 көше және Қапал батыр көшесіндегі теміржол үстіндегі өткел, Темірлан тас жолы мен Мангельдин көшелері қиылысында жер үстіне салынатын жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын жалғастыруға сметалық құжаттар әзірленген. Шаһардағы 3 шағынауданның 13 көшесінде қайта құру жұмыстарын аяқтауға, 14 шағынауданның 59 көшесінде асфальттау жұмыстарын бастауға тиісті қаржы бөлінді. Кала әкімдігінің тиісті салалық бөлімдері тарапынан маңызды 2 магистральды көшені қайта құруға, 11 шағынауданның 48 көшесін қүрделі жөндеуге және Рысқұлов көшесіндегі Самал базары жанындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар әзірленді,-деп хабарлайды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin