• 23 ноября, 2024 12:05 пп

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН МЕТАЛЛУРГТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Автор:admin

Окт 28, 2022

 

ҚР Президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Жезқазған мыс балқыту зауытына келіп, жұмысымен танысты. Онда анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. Сондай-ақ ол қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында металлургтердің көпшілігі зиянды өндіріс орнында жұмыс істейтіндіктен, ерте зейнетке шығу мәселесін көтеріп, «қауіпті кесте» ұғымын қайтару қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, зауыт қызметкерлері сайлауалды додада сәттілік тілеп, кандидатқа жұмысшылар кәсіподақтарының бірлігінің белгісі ретінде қорғаныс бас киімін (каска) табыс етті.

Одан бөлек, кандидат Мейрам Қажыкен «Адал еңбек KZ» ЖШС-не барды. Кездесу барысында үміткер компания басшылығымен және белсенділерімен танысты. Мұнда қызметкерлер ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесіне ден қойды.

Айта кетейік, «Адал еңбек KZ» ЖШС-і «Қазақмыс» корпорациясының бастамасымен, кәсіпорындарында еңбек жарақатын алған адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында құрылған.

Автор: admin