• 14 ноября, 2024 6:04 пп

Мемлекеттік бюджетті мемлекет экономиканы басқару үшін белсенді пайдаланады.

Автор:admin

Апр 16, 2024

Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды бағыттарына қаражаттың шоғырлануын күшейтуде, әлеуметтікэкономикалық дамуға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын жетілдіруде, өндірісті қарқындатуды жеделдетуде, ресурстардың барлық түрлерін пайдалануда үнемдеуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге, мемлекеттік бюджет өзінің көрінісі мен қолданылуының барлық нысандарында экономиканы басқару құралы ретінде әрекет етеді және қоғамдық өндіріске және қаржылық құжат, ынталандыру ретінде кешенді әсер етеді. Жоғары айтылғандарды ескере отырып, келесідей тұжырымдама айтуға болады, яғни мемлекеттік бюджеттің тиімділігін бағалау әрбір мемлекеттің қазынасын ұтымды пайдалануға әкеледі. Тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстан мемлекеттік қаржыны басқарудың заманауи жүйесінің негізін қалады. Нарықтық экономиканың шарттары мен талаптарына жауап беретін мемлекеттік қаржы жүйесі, орталық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік билік органдарының қызметін қаржылық қамтамасыз ету үшін заңнамалық база құрылды. Бағдарламалық бюджеттеу және шығындардың бағдарламалық классификациясы енгізілді. Жалпы алған бюджет арқылы мемлекеттің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Бюджетті тиімді бөле білу бұл кез келген саланың тұрақты дамуының бірден бір кепілі болып табылды. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінде әлі де дамытуға жататын жүйелер бар және де соларды басты назарға ала отырып, еліміздегі бюджетті бөлу жүйесін белгілі бір дәрежеге жеткізіп, қаражаттың тиімді жұмсалуын дамыту керек. Бюджет ― бұл тек ғана қаражат емес, бұл елдің тіреуі деп атауға болады. Бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуі мен шығындарын реттеу арқылы ғана жыл сайынға тапшылық мөлшерін реттеуге болады. Бюджетке түсетін салық түсімдері де толық дәрежеде түспеуінен де тапшылыққа әсер етеді. Сондықтан да түсімдер мен шығындардың дұрыс болуы үшін бюджет жүйесін қайта қарастыру керек деп санаймыз.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin