Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процесімен байланысты. Мемлекет қармағынан алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы Мемлекет қарамағынан алу – мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы. Мемлекет армағынан алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Ол мына бағыттар бойынша жүреді: 1. Иемдену процесін мемлекет қарамағынан алу; 2. Шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау; 3. Жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру.Мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендру тығыз байланысты. Жекешелендіру меншікті мемлекет қарамағынан алудың бағыттарының бірі, оның мәні – меншікті жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру: азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті биілік органдарынан; кәсіпорындарды және олардың кәсіпорындар ретінде бөліп шығарылатын бөлімшелерін; кәсіпорындардың материалдық және материалдық емес активтерін; акционерлік қоғамдардың капиталындағы мемлекет пен жергілікті билік органдарының үлестерін (пай, акциялар); жекешелендірілетін кәсіпорындардың басқа кәсіпорындар капиталындағы үлестерін меншікке алуын білдіреді;. Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет қармағынан алу және жекешелендіру процесін 4 кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсатары бар. Бұл процстердің басы Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне тұспа –тұс келеді. 1кезең 19911992 жылдар аралығын қамтиды. Бұл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты мемлекеттік орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ауқымда реформалау болды. 2кезең 19931995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 19931995 жыдардағы мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына » сәйкес жүзеге асырылады. 3кезең Жекешелендірудің үшінші кезеңі 19961998 жыдар аралығын қамтыды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылығы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы 19961998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына» сәйкес жүзеге асырылды. 4кезең 19992000 жылдар аралығын қамтыды және Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы№683 қаулысымен бекітілген «19992000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына » сәйкес жүзеге асырылды.
Jsk ақпарат орталығы