• 25 декабря, 2024 4:38 пп

Мемлекеттік сатып алудағы – Ұлтық қор мен компаниялардың өз-ара ықпалдастығы!

Автор:admin

Июн 16, 2024

Ұлттық экономикамыздың тұрақтылығын және бәсекелестігін арттыру, дағдарысқа байланысты әлемдік экономикада орын алған келеңсіздіктердің ұлттық экономикамызға тигізетін кері ықпалдарының алдын алу мақсатында Президентіміздің Жарлығымен “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамының жұмыстарына өзгерістер енгізілген болатын. ҰӘАҚ-тың негізгі міндеті өз құрамына кіретін ұйымдардың қызметін корпоративтік басқару, сондай-ақ, олардың қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылау жасау болып табылады. ҰӘАҚ-тың үлесіне еліміздегі бірқатар ұлттық компаниялардың, қаржы институттарының, ӘКК-лердің акциялары берілді. Қазір осы компаниялардың және олардың серіктес ұйымдарын қоса есептегенде ҰӘАҚ-тың құрамына 500-ге тарта ұйымдар топтасқан. Олар республикамыздың ішкі жалпы өнімінің елеулі бөлігін шығарады. Сондықтан ҰӘАҚ тобына кіретін ұйымдардың мемлекеттік сатып алуға беретін тапсырысының көлемі де өте үлкен. Осы қор құрамына кіретін компаниялардың сатып алу үдерістерін тиімді ұйымдастыру ҰӘАҚ-тың бүкіл қаржылық қызметін табысты үйлестіруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік сатып алу шараларын ұйымдастыруда ҰӘАҚ тауар және қызмет көрсету бағаларының тұрақты болуын, сауда-саттық шараларының ашық та әділ жүргізілуін көздейді. Соңғы уақытта заң актілеріне енгізілген өзгерістерге байланысты акцияларындағы мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұлттық компаниялар “Мемлекеттік сатып алу туралы” заң ауқымынан шығарылған болатын. Мұндағы мақсат отандық тауар өндірушілерді қолдау және олардың шығарған тауарларымен көрсетілетін қызмет түрлерін пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ҰӘАҚ тобына енетін компаниялардың мемлекеттік сатып алу ауқымы өте кең. Мәселен, 2011 жылы тек қана 5 ірі компания: “ҚазМұнайГаз”, “Қазақстан темір жолы”, “Қазақтелеком”, “Қазпошта”, “КЕГОК” компанияларының тауар мен қызмет көрсету түрлеріне деген сұранысы 685 миллиард теңгеден асып отыр. Осыған байланысты сатып алу шараларының тиімділігін арттыру және оның мерзімін  қысқарту қаржының үнемделуіне жағдай жасайды. Бүгінде орын алып отырған әлемдік қаржы дағдарысы кезінде бұл қадамның маңызы ерекше арта түспек.  ҰӘАҚ құрамына кіретін компаниялар арасында мемлекеттік сатып алудың бірыңғай саясатын жүргізуге байланысты оларға бағынышты барлық серіктес ұйымдарға қатысты ортақ ереже бекітілді. Осы ереже бойынша ҰӘАҚ құрамына кіретін компаниялардың қызмет түрлерінің әртүрлі болуына қарамастан мемлекеттік сатып алу шараларын жүргізудің бірыңғай ұтымды механизмдері енгізіліп, шаралардың өткізілу мерзімі қайта қаралды. Мәселен, ереже бойынша тендер өткізуді жариялау мерзімі 15 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ, тендер өткізу шараларын бұрын¬ғыдай “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңға сәйкес 60 күн ішінде емес, 20 күнде аяқтау көзделініп отыр.  Сонымен бірге, ортақ ережеде отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге бірінші кезекті басымдылық берілген. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында ҰӘАҚ осы мәселеге байланысты арнайы әдістеме қабылдайтын болады. Бұл әдістемеде сатып алынатын тауар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің бағасы және жеке тұлғаларына төленетін жалақы көлемі де ескерілетін болды. Ережеде атап көрсетілгеніндей, отандық шағын және орта бизнес субъектілеріне және мүгедектер қоғамдарына 25 пайыз жеңілдіктер жасалуы да қарастырылған. ҰӘАҚ тобына кіретін компаниялар мемлекеттік сатып алу шараларын мынандай әдістермен жүзеге асырады: тендер арқылы; баға жөніндегі ұсыныстарға сұраныс бойынша; тікелей сатып алу; электронды сауда-саттық ұйымдастыру арқылы; ашық тауар биржалары арқылы. Бұл сауда-саттық шараларының бәрінде де отандық тауар өндірушілерге басымдық беріледі. Ол үшін ҰӘАҚ отандық тауар өндірушілердің арнайы реестрін жасайды. Осы топқа кіретін компаниялар реестрге енген сенімді де әділ отандық тауар өндірушілермен тікелей сауда-саттық шараларын өткізе алады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin