• 20 сентября, 2024 3:55 дп

Мемлекет салық саясаты — оңтайлы тұстарын ынталандыру

Автор:admin

Авг 20, 2024

Сонымен қатар ақша және баға саясатын, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтың реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі, ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған ставкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің ынтасын төмендетіп, өндірістің қарқынын бәсеңдетеді, ал шектен тыс төмен қойылған ставкалар салық төлеушілердің жауапкершілігін азайтып, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де тиімсіз жағы және тағы бар. Дамыған елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады: а) егер төленетін салық мөлшері салық төлеушінің табысының 50 % — нан асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады; ә) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 % аралығында болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі; б) егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 % мөлшері аралығында болса, онда ұдаймалы өндіріске әкеледі. Салықтың келесі қызметі ынталандыру қызметі. Бұл қызмет жеңілдіктер жүйесі арқылы және салық салу объектісінің жеңілдік жасаушы белгілерімен үйлестірілген преференциялар мен ерекшеліктер арқылы іске асырылады. Шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді. Мысалы, мемлекеттің өз протекционистік экономикалық процестердің дамуы үшін, салықтық ауыртпалықтарды бекіту арқылы кедергі келтіруге бағытталады. Ол жоғарғы салық мөлшерлемелерінің енгізілуімен көрінеді (мысалы, сауықхананың табыс салығына 90 % мөлшерде салық салынады). Сонымен бірге, қолданылатын ресурстарды қайта қалпына келтіру үшін қаражаттардың жинақталуына арналған салықтың қайта өндіру ішкі қызметін де бөліп көрсетуге болады. Бұл қызмет минералды шикізат базасын қайта өндіруге, суға арналған төлемдерге шегерімдер арқылы жүзеге асады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin