• 4 июля, 2025 5:55 дп

МӘМС: Шымкентте 150 мыңға жуық медициналық оңалту қызметі көрсетілді

Автор:admin

Июл 3, 2025

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ересектер мен балаларға медициналық оңалту қызметтеріне қолжетімділік артқан. Қалада кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық, травматологиялық, пульмонологиялық және жалпы оңалту бағыттары бойынша 34 медициналық ұйым қызмет көрсетуде.

Оңалту орталықтарында жыл басынан бері 150 мыңға жуық медициналық оңалту шаралары жүзеге асырылған. Пациенттердің негізгі немесе созылмалы аурулардан емделуге, инсульттен кейін, операциялар мен жарақаттардан кейін медициналық реабилитацияларға жүгінуге мүмкіндіктері бар. Қызмет МӘМС аясында тегін ұсынылады.

Мәселен, «Мейірім» оңалту орталығы 3-18 жас аралығындағы балаларға кешенді медициналық оңалту көмегін көрсетеді. Мұнда дәрілік ем, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж, магнитотерапия, ингаляция, сондай-ақ психолог, логопед-дефектолог, невролог және пульмонолог дәрігерлерінің қызметтері бар. 130 орынға есептелген орталықта неврология және соматикалық бөлімшелер жұмыс істейді, онда жүйке жүйесінің және туа бітті өкпе аурулары емделеді.

Неврология бөлімшесінде қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге, психоневрологиялық және ортопедиялық патологияларды түзетуге бағытталған кешенді реабилитация бағдарламалары жүзеге асырылады.

Соматикалық бөлімше баланың тыныс алу жүйесінің жұмысын жақсарту, қабынуды азайту және өмір сапасын арттыруға бағытталған.
Физиотерапия бөлімінде озокерит-парафин, электрофорез, магнитотерапия, ультрадыбыстық терапия және басқа да әдістер қолданылады, бұл балаларды ауыр симптомдардан арылтып, қалыпты өмірге оралуына септігін тигізеді.Дәрігерлердің айтуынша, жыл басынан бері мұнда 1000-нан астам қызмет көрсетілген.

Оңалту алу үшін алдымен учаскелік дәрігерге жүгіну қажет. Ол науқасты қажетті жағдайда реабилитолог немесе арнайы мамандар тобына бағыттайды. Осылайша, пациентке жеке оңалту бағдарламасы дайындалады.

#әмсқшымкент #мәмсшымкент

: Шымкентте 150 мыңға жуық медициналық оңалту қызметі көрсетілді

Автор: admin