• 16 сентября, 2025 1:31 пп

МӘМС: Шымкент жүрек орталығында аса күрделі ота сәтті жасалды

Автор:admin

Сен 16, 2025

«Шымкент жүрек орталығында» 28 жастағы науқасқа туа біткен жүрек ақауының асқынуы салдарынан аса күрделі ота сәтті жасалды. Бұған дейін бірнеше рет ота жасалғанымен, пациенттің жүрек қақпақшалары толық қызмет атқара алмай, аортасы кеңейіп кеткен.
Кардиохирургтар заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды қан айналымы әдісін қолдана отырып, жүрек қақпақшасы мен аортаны алмастыру операциясын орындады. Бұл жоғары технологиялы медициналық көмек орталықтың 25 жылдығына арналған халықаралық конгресс барысында жүзеге асырылды.
— Бұл ота науқастың өмірі үшін өте маңызды және күрделі болды. Заманауи технологияларды қолдану арқылы біз науқастың жүрек клапаны мен аортасын сәтті алмастырдық. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты. Операция міндеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясында тегін жасалды, — дейді Шымкент жүрек орталығының кардиохирургы Данияр Булешов.
Операция тікелей эфирде көрсетіліп, еліміздің және шетелден келген мамандарға жоғары технологиялы кардиохирургияның заманауи шешімдері таныстырылды. Пациент дәрігерлерге шексіз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізуде.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент

Автор: admin