• 20 ноября, 2025 6:23 пп

МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Автор:admin

Ноя 20, 2025

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстармен танысып,  алдағы жоспарларды талқылады.

Басты мақсат, басқармалармен байланысты одан әрі нығайтып, ортақ мақсаттарға қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, мәслихат төрағасы бүгін бірнеше басқарма басшыларын қабылдады.

Атап айтқанда, Нұралы Әбішов облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Асановтың атқарылған жұмыстартуралы ақпаратымен танысып, алдағы жоспарларды талқылады. Кездесу барысында Түркістан облысы аумағындағы қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту, заңсыз салынған құрылыс нысандары бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы сөз болды.

Басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Қуаныш Асанов  аудан, қала әкімдіктері тарапынан берілген мәліметтерге мониторинг жүргізіліп, 604 заңсыз құрылыс анықталғанын баяндады. Түркістан облысының қала, аудан әкімдіктерінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері өз бетінше салынған құрылыстарды болдырмау мақсатында ауыл, елді мекен тұрғындарына түсіндірме жұмыстарына мониторинг жүргізіліп, заң талаптарын сақтамай салған құрылыстарды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына шара қабылдау үшін тұрақты жолдауда.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткізілетін «Сәулеттік жобалар бойынша» мәжіліс 9 айдың қорытындысы бойынша 8 рет ұйымдастырылып, 87 эскиздік жоба қаралған. Оның ішінде,     15 жоба Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан, 46 жоба сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан, құрылыс басқармасы мен жобалаушы мекеме тарапынан  3 жоба және «Тұран» арнайы экономикалық аймағы» тарапынан 23 жоба қаралды.

Жалпы облыс бойынша жалпы 801 елді мекен бар болса, соның ішінде, 794 елді мекен бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарларын жылдың соңына дейінәзірлеу жоспарланған. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданы (Байжансай, Үсіктас е/м), Сарыағаш ауданы (Тыңтөбе, Бағыс, Дастан е/м), Арыс қаласы (Бұлақ, Дарбаза е/м) бас жоспарларын әзірлеу жұмыстары аудан, қала әкімдіктері тарапынан жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістан облысында қала мен аудан орталықтарының сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында сәулеттік келбеттің дизайнын (дизайн код) әзірлеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Бұл жұмыстар, әсіресе, облыс орталығы Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани және мәдени орталығы ретінде дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, Нұралы Әлмаханұлыоблыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының есебін тыңдады. Басқосуда басқарма басшысының орынбасары Нұрлан Жаңабергенов атқарылып жатқан жұмыс барысын айтып өтті. Түркістан облысында жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу рәсімдері аяқталғаны жалпы сомасы 293,8 млрд. теңгені құраған.

Басқарма облыс көлеміндегі тапсырыс берушілердің мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына талдау жұмыстарын күнделікті жүргізуде. Талдау жұмыстарының нәтижесінде, облыс көлеміндегі мемлекеттік сатып алудың бір көзден сатып алу тәсілі арқылы жыл басынан Заң талаптарына сәйкес келмейтін жалпы соммасы 8,2 млрд. теңгені құрайтын негізсіз түзілген 263 келісімшарт анықталған.

Жүйелі жұмыс атқарылуы үшін Түркістан облысы әкімінің жыл басында берген тапсырмасына сәйкес,  Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы ұйымдастыруымен облыс көлеміндегі тапсырыс берушілерге ай сайын мемлекеттік сатып алу заңнамасын түсіндіру үшін онлайн және офлайн түрде оқыту семинарлар тұрақты түрде өткізілуде.

Бұдан бөлек, басқарма және Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Электрондық коммерция орталығы ЖШС-і  ұйымдастыруымен «Ұлы дала елі» орталығында ағымдағы жылдың мамыр айында аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың мемлекеттік сатып алуға жауапты қызметкерлеріне мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында 250 маманға семинар өткізілген.

Одан бөлек, облыстық мәслихаттөрағасына облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Дәулетқұл Тайшман өңіраумағындағы құрылыс нысандарын қадағалау бойынша атқарылған жұмыс қорытындысы туралы есеп берді.

Басқарманың мәліметінше, есепті кезеңде құрылыс саласында лицензия алуға, қайта тіркеуге, аттестат алуға қатысты барлығы 613 өтініш қабылданып, 291-і қанағаттандырылды, 219-ы дәлелді бас тартылған. Оның ішінде, лицензия алуға қатысты 151 өтініш тіркеліп, 42 өтініш бойынша дәлелді бас тартылса, 109 өтініш қанағаттандырылған.

Облыс бойынша ағымдағы жылғы 10 айда 1282 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып, бақылауға алынған.

Оның 212-сі бюджеттік, 216-сы инвестициялық жоба, 854-і жеке кәсіпкерлік нысан. Құрылысы аяқталып, заң талаптарына сай пайдалануға қабылданған нысандар саны – 958. Оның 279-сі бюджеттік, 679-ы жеке және инвестиция жоба.

Басқарма тарапынан өз бетінше салынған 30 заңсыз жеке кәсіпкерлік нысандарды мәжбүрлеп бұздыру туралы талап-арыздар сотқа жолданып, 5 нысанды бұзуға сот шешімі шықққан. 25 іс сотта қаралуда.

Жалпы басқарма басшылары атқарылған жұмыстарды хабарлай отырып, алдағы жоспарлары мен ұсыныстарымен бөлісті.

Өз кезегінде мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов басқарма басшыларының атқарған жұмыстарды атап өтіп, алдағы жұмыстарды тиімді жоспарлауды ұсынды.

Автор: admin