• 24 ноября, 2024 1:41 дп

Нашақорлықпен күресуге коммуналдық қызметкерлер тартылды

Автор:admin

Окт 29, 2024

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына есірткінің таралуына қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырма берді. Осыған байланысты Шымкент қаласының прокуратурасы нашақорлық жарнамаларымен күресу үшін аудан әкімдіктері жанындағы коммуналдық мекемелердің (Абай, Қаратау, Әл-Фараби, Еңбекші, Тұран) мыңнан астам қызметкерлерін жұмылдырды. Бұдан кейін коммуналдық мекемелер қаланың тазалығын қамтамасыз ету және сақтаумен қатар, қоғамдық орындарда есірткіні сату және тарату сайттарының жарнамалары бар суреттерді құқық қорғау органдарына хабарлау арқылы күн сайын жоюға міндетті болады. Бұл бастама есірткіні жарнамалаумен тиімді, мақсатты және тұрақты түрде күресуге мүмкіндік береді. Бүгін жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ерікті жастардың қатысуымен «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты ауқымды жұмысты бастадық және ол тұрақты түрде іске асырылатын болады. Біз барлық қала тұрғындарын және бей-жай қарамайтын адамдарды бізбен бірге болуға шақырамыз, бірге осы зұлымдықты жеңе аламыз! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген болатын. Осыған орай, Шымкент қаласындағы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Нашақорлық – адам жауы» тақырыбында А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникация орталығы хабарлады. Шараның мақсаты — қазіргі заманның жаһандық мәселеге назар аудара отыра, жастардың арасында есірткі заттарын пайдалануға теріс көзқарасты қалыптастыру. Кездесуге Тұран ауданы прокуратурасының прокуроры, Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы мен нарколог маманы қатысты. Түсіндірме жұмысы барысында кәмелетке толмаған жастар арасында есірткінің адам өміріне әкелер кері әсері, діни ағымдардан сақтану жолдары мен есірткі заттарын сатқандарға заң аясында қандай шара қаралғандығы жөнінде айтылды. Айта кетері, Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес синтетикалық есірткіге тәуелді қазақстандықтардың саны 5 жылда 14 есеге өсті. Дәстүрлі түрлерден айырмашылығы, синтетикалық препараттар адам ағзасына зиянды әсер етеді. Негізгі себеп-химиялық құрамы. Жүрек-тамыр жүйесі зардап шегеді, иммунитет төмендейді, бұл жиі суық тиюге, саңырауқұлақ ауруларына әкеледі, бүкіл денеде абсцесс пайда болады. Инъекциялық формалар қауіпті жұқпалы аурулардың таралу қаупін тудырады: вирустық гепатит, мерез және АИТВ. Сонымен қатар, нашақорлық өмір сүру ұзақтығын едәуір төмендетеді, интеллектуалды деградацияны тудырады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin