• 21 ноября, 2024 11:34 дп

«ОТБАСЫДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖОҚ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Автор:admin

Июн 29, 2021

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігінің қызметкерлері «Сана сезім» құқықтық орталығымен бірлесе «Отбасыда зорлық-зомбылық жоқ» атты республикалық акциясын өткізді.

Акцияға «Самғау сенім Орталығы», Жастар Ресурстық Орталығы еріктілері, қалалық полиция департаментінің «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тобы қатысты. Іс-шара барысында қаланың адам көп шоғырланатын жерлерінде әйелдерге зорлық-зомбылықтың алдын алу турасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бүгінде Шымкент қаласында отбасылық жағдайдағы зорлық-зомбылыққа душар болған жандарға қол ұшын созатын «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы жұмыс атқарып келеді. Орталық құқығы тапталған қыз-келіншектерге тегін және жасырын түрде заңды көмек беріп, Полицияға және мемлекеттік органдарға жүгінуге көмектеседі.

Отбасылық агрессияға қарсы 21 маусымда басталған іс-шара 30 маусымға дейін жалғасады.
Көмек алу үшін 8 7252 551 200, 8 708 478 96 63 тел нөмірлері арқылы байланысуға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Автор: admin